Бағдарламабойынша музыка дегеніміз - жалпы білім беретін мектептерде балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс.
Бүгінгі күні жаңашыл әдістермен оқыту арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, шынайы дереккөздерінен мәліметтермен жұмыс жасау негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер: •музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;
• оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;
•жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;
•оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;
•оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;
•білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;
•жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;
•оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
•оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу;;
•шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;
•пәнаралық кіріктіру;
•музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау.
4. Музыка сабағын ұйымдастыру міндеттері. Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:
-балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін сезім мәдениетін дамыту;
-оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдағы музыка өнері туындыларымен таныстыру;
-өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;
-музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;
-тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;
-көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;
-өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.
Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейлінше терең меңгеруі тиіс және оқушылардың музыкалық тәлім-тәрбиесін жетілдірудің тиімді жолдарын таба білуі керек.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардың білімділік, тәрбиелік мақсаттары, кысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтілетін мерзімі болып табылады.
Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерттеу барысында, яғни есте сақтау, білу (ережелер, оқиғалар, музыкалық материалдың мазмұны және т.б.), оқу дағдылары (музыкалық шығармаларды орындау, тыңдау, музыка сауаты және т.б.) және алған білімдерін түрлі ситуацияларда қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Тақырыпқа байланысты сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары анықталады, сабақтың типі және құрылымы ойластырылады.
Сабақ жоспары мұғалімінің сабақты ұйымдастыруына, жүргізуіне көмектеседі. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұны, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспекті дайындағаны дұрыс. Ал бірінші тәжірибе жинақталғаннан кейін сабақ жоспарын өте мәнді қағидалар ғана көрсетілген қысқаша ғана тезис түрінде дайындауға болады. Қандай сабақ жоспары болмасын, оларда сабақтың өтілуі мерзімі, міндеттері, қолданылатын қосымша жабдықтар көрсетіледі. Бұдан әрі сабақтың барысында оның кезеңдері, оқушының оқу мотивтері, әдіс-тәсілдері, мазмұны мен формалары, туындайтын сұрақтар мен жауаптар, тапсырмалар, тексеру мен тузетулер, үй тапсырмаларының мазмұны, оған берілетін нұсқаулар қарастырылады.
Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Дидактика саласында оқу жетістіктерін бақылау, баға берудің дәстүрлі түрлері: алдын ала бақылау; ағымдағы бақылау; қорытынды бақылау. Кейінгі кезде оқыту процесінде осы жүмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» термині жиі қолданылып жүр.