Музыкалық білім берудің заманауи əдістемесіндегі музыка сабағын ұйымдастыру міндеттері



бет8/8
Дата26.09.2024
өлшемі37,32 Kb.
#145824
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция музыка (копия)

Алдын ала тексеріс (бағалау): мұғалімнің сабақты өткізуге дайындалған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі.
Ағымдағы тексеріс: сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық, топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады.
Қорытынды тексеріс: жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындықтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Қорыта айтқанда, музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа үлгілерін іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Н.С. Дүкенбай Ә.Д. Әміренов Музыкалық білім беру теориясы

  • Жакаева К.А. Жакаева С.А «Музыка пәнін оқыту әдістемесі»

  • Ахметова А.Қ. Мектептегі музыка сабағын оқыту принциптері. Алматы: «Полиграфия-сервис и К». 2002 ж.

  • Дүйсембінова Р.Қ. «Музыкалық білім беру педагогикасы» – Талдықорған: 2001 ж.

  • Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, Ана тілі.1991, 12 бет.

  • Дүйсембінова Р.К. Қазақтың әншілік өнері. Алматы, РБК, 96 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет