Ырғақ: Ұзақтықтардың белгілемелері. Ұзақтықтарды бөлудің негізгі түрлері.
Музыкадағы
үнсіздік. Ұзақтықтарды бөлудің ерекше түрлері: триоль, квинтоль, септоль, дуоль,т.б. Үзбелі
ырғақ. Синкопа.
Метр: Әлді және әлсіз метрлік үлестер. Такт. Толық емес такт. Өлшем және оның белгілемесі.
Қарапайым, күделі, құрмалас өлшемдер. Әр түрлі өлшемдегі ұзақтықтарды топтастыру.
Темп: Баяу, орташа, жылдам темптер. Темптік өзгерістер.
Музыкалық аралықтар: Әуендік
және гармониялық аралықтар, олардың белгіленуі.
Аралықтардың санды және сапалы шамалары. Қарапайым аралықтар. Консонансты (абсолютті,
жетілген, жетілмеген) және диссонансты аралықтар. Музыкалық аралықтардың айналымдары.
Құрмалас аралықтар. Ұлғайтылған және кішірейтілген аралықтар.
Тоналдіктегі аралықтар: Натуралды мажор мен минордың аралықтары. Гармониялық мажор
мен минордың аралықтары. Үштондықтар. Сипатты аралықтар.
Аккордтар: Үшдыбыстық туралы түсінік. Үшдыбыстықтың түрлері. Септаккорд.
Септаккордтың түрлері. Нонаккорд. Үшдыбыстықтың айналымдары. Септаккордтардың
айналымдары.
Достарыңызбен бөлісу: