Тоналдіктегі негізгі аккордтар: Мажор мен минордың басты үшдыбыстықтары. Олардың
айналымдары. Көп қолданылатын септаккордтар: Доминантсептаккорд, кіріспе септаккорды, ІІ
саты септаккорды, олардың айналымдары.
Музыкалық тіл синтаксисі: Әуен. Әуенді дамытудың кейбір тәсілдері. Музыкалық тақырып.
Мотив, фраза, сөйлем. Периодтың түрлері. Каденция, түрлері. Фактура.
Хроматизм: Лад альтерациясы. Хроматизм туралы түсінік. Хроматикалық гамма.
Модуляция. Ауытқу:Модуляция туралы түсінік. Бір тоналдіктен басқа тоналдікке уақытша
ауысу. І дәрежедегі тоналдіктердің туыстығы.
Мелизмдер. Транспозиция. Нота жазбасындағы қысқарту белгілері: Мелизмдер түрлері.
Транспозиция. Нота жазбасындағы қысқарту белгілері.
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының
қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 25 %; орташа деңгейде (B) – 50 %;
жоғары деңгейде (C) – 25 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға,
түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен
әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа
жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге,
дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға
негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды,
тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын
біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды
негіздеуге бағытталған.
6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты және бір немесе бірнеше дұрыс
жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.