Mycophyta – Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Құрылысын түсіндіріңіз



бет3/9
Дата22.05.2023
өлшемі57,31 Kb.
#96130
1   2   3   4   5   6   7   8   9
5. Lycopodiophyta - Плаунтәрізділер бөлімі. Классификациясы. Құрылысы. Көбеюі.
Бұл өсімдіктер ертеректе пайда болған, сондай-ақ ағаш түрлері кездеспейді. Қазіргі өкілдері мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны дифференцияланған жапырақтары жауып тұрады. Спорофитінің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде болып, одан қосалқы тамырлары кетеді. Споралардың бірдей немесе әртүрлі мөлшерлі. Гаметофиті жердің астыңғы бөлігінде жетіледі. Қоректенуі сапрофитті. Ұрықтануы суда жүреді. Плаунтәрізділер 2 класқа бөлінеді: плаундар, полушниктер.
Плаундар класына тең споралы плаунтәрізділер жатады. Бұл класқа түгелдей жойылып кеткен 3 қатарға жатады. Олар: астероксилондар, плаундар, пролепидодендрондар. Плаундар қатарының спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер, жапырағының тілшелері болмайды. Гаметофиттері қосжынысты. Көп түрі жойылған, шаруашылықта маңызы көп емес. Олардан дәрі алынады. Құрамында еш уақытта кеппейтін май болады. Жас баланың қызарған жерлеріне себетін ұнтақ ретінде қолдаланады. Шоқпарбас плаун ормандарда кең тараған. Жапырағының тақтасы таспа тәрізді. Гаметофиті түссіз, ризоидтары болады.
Плаунтәрізділерге жататын шоқпарбас плаун өсімді, жыныстық және жыныссыз жолдармен көбейеді. Өсімді жолмен көбеюі өркен үзінділері арқылы жүреді. Нәтижесінде бір өсімдіктен бірнеше жас плаундар пайда болады. Бүршік жетілген кезде үзіліп түседі. Жыныссыз жолмен көбеюі споралар арқылы болады. Өркенінде споралары жетіледі. Плаунның ұшына көптеген спорофилдер бекиді. Осы спорофилдерде спорангийлер орналасады. спорангилердің ішінде көптеген споралар жетіледі. Жетілген споралары спорангийлер жарылған кезде жерге шашылады. Жыныстық процесс жерге түскен споралардың өнуімен басталады. Оның жерүсті және жерасты типтері белгілі. Біріншісінде споралар жер бетіне түскеннен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Өскіншенің жерүсті бетінде аталық пен аналық жыныс мүшелері пайда болады. Кейіннен олар қосылып, ұрықтанады. Келешекте ұрықтық тамыршадан – нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан нағыз жапырақ қалыптасады. Соның нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады.
Полушниктердің спорофиттері, сабақтары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Ағаш түрлері түгелдей жойылған. Спораларының мөлшері әртүрлі. Гамеофиттері дара жынысты, бірнеше аптада пісіп жетіледі. Полушниктер класы да 3 қатардан тұрады: лепидодендрондар, полушниктер, селагинеллалар қатары. Селагинеллалар қатарына жататын селаготектес селагинелла таулардың ылғалды белдеулерінде сирек кездеседі. Спорофилінің сыртқы құрылысы плаундардыкіне ұқсас. Спорофилдерінің ешқашан түсіп қалмайтын тілшелері болады. Аталығы микроспораның ішінде, аналығы мегаспораның ішінде жетіледі. Ұрықтануы суда жүреді.

100% уникальности


2-Блок


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет