Ашық типті, қаны түссіз – гемолимфа деп аталады.
Жүрегі мөлдір.
Зәр шығару мүшесі
Екі жасыл без
Коксальды бездері және мальпиги тамырлары арқылы.
Мальпигий тамырлары арқылы және қосымша мүше – майлы дене.
Жүйке жүйесі
Өзен шаяны мысалында: Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірігіп «ми» түзеді және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады.
Көкірек және құрсақ жүйке тізбекшесі бірігіп, жүйке түйінін – ганглия (түйінді жүйке жүйесі) түзеді.
Жүйке жасушалары жұтқыншақ үстіне жинақталған және құрсақ жүйке тізбекшесі.
Көбеюі
Дара жынысты. Суда ұрықтанады. Жас шаяндар анасының құрсағындағы аяқтарына жабысып жүреді.
Дара жынысты. Аналығы жұмыртқа салады.
Дара жынысты. Аналығы жұмыртқа салады.
Буынаяқтылар типі: желбезектыныстылар, хелицералылар және кеңірдекпен тыныс алушылар тип тармақтарынан тұрады. Желбезектыныстылар тип тармағына шаян тәрізділер класы, хелицералылар тип тармағына өрмекшітәрізділер класы, кеңірдекпен тыныс алушылар тип тармағына насекомдар мен көпаяқтылар класы жатады. Шаян тәрізділерге: өзен шаяны, дафния, циклоп, таңқышаян, теңізжаңғақ, асшаян, қышқыссыз шаян, жалпақ саусақты шаян, жіңішке саусақты шаян, т.б. жатады; өрмекшітәрізділерге: мизан, қарақұрт, бүйі, шаршылы өрмекші, қыршаян, т.б. жатады; насекомдарға: қоңыздар, шыбындар, аралар, көбелектер, масалар, инеліктер, құмырсқалар, т.б., адам мен жануарлар паразиті – қандала, бүрге, бит жатады. Шаян тәрізділер тұщы су қоймасы, теңіз, мұхитта; өрмекшітәрізділер негізінен құрлықта; насекомдардың көбі құрлықта тіршілік етеді. Шаянтәрізділерде дене бөліктері баскөкірек және құрсақ, жабыны – хитин, ылғалдылықты сақтап тұратын эпипетикула қабаты жоқ. Өрмекшітәрізділерде денесі 2 бөлікті - баскөкірек, құрсақ, алғашқы аяқтарының жұбы – хелицераға айналған, екінші жұп аяқтары – педипальпаға айналған, қалған аяқтары – 4 жұп. Насекомдарда денесі 3 бөлікті – бас, көкірек, құрсақ, қанаттары мен 3 жұп аяқтары көкірегінде, ал, көбею мүшелері құрсағында орналасқан. Шаянтәрізділерде мұртшалары 2 жұп, аяқтары қысқышқа айналған(бұтақтанған). Өрмекшітәрізділерде у бездері мен өрмек бездері болады. Насекомдарда мұртшалары 2 жұп, ұша алады.
Олардың тек сыртқы ғана емес, сондай-ай ішкі құрылысында да айырмашылықтары жетерлік. Шаянтәрізділер желбезек арқылы, өрмекшітәрізділер өкпе қапшығы және демтүтік арқылы, насекомдар трахея арқылы тыныс алады. Үшеуінің де қанайналым жүйесі ашық типті, қандары түссіз, жүректері мөлдір. Шаянтәрізділер екі жасыл без арқылы, өрмекшітәрізділер коксальды бездері және мальпиги тамырлары арқылы, ал насекомдар мальпигий тамырлары және қосымша мүше – майлы дене арқылы зәр шығарады. Шаянтәрізділерде жүйке жүйесі жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірігіп «ми» түзеді және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Өрмекшітәрізділерде көкірек және құрсақ жүйке тізбекшесі бірігіп, жүйке түйінін – ганглия (түйінді жүйке жүйесі) түзеді. Насекомдарда жүйке жасушалары жұтқыншақ үстіне жинақталған және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Үшеуі де дара жыныстылар, шаянтәрізділер суда ұрықтанады, жас шаяндар анасының құрсағындағы аяқтарына жабысып жүреді. Өрмекшітәрізділер мен насекомдар жұмыртқа салады.