Mycophyta – Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Құрылысын түсіндіріңіз


Губкалардың көбею ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет7/9
Дата22.05.2023
өлшемі57,31 Kb.
#96130
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. Губкалардың көбею ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Губкалар жынысты және бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен бөлініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік етеді. Бірақ көбінесе бүршіктер денеден үзілмей, колония түзеді. Сыртқы бүршіктенуден басқа іштей бүршіктену де кездеседі. Жаз бойы губка сырттай бүршіктену және жынысты жолмен көбейеді. Күзге қарай губкааның мезоглеясында амебоцит клеткаларының жиынтығынан шар тәрізді ішкі бүршік - геммула пайда болады. Геммула қос мүйізді қабықшамен қапталынған, олардың аралығында ауа және кремнезем инелері болады. Инелердің көмегімен екі қабықшалары бір-бірімен бірікпейді. Қыста, қолайсыз жағдайда губка өледі де, денесі ыдырап, геммулалар судың түбіне шөгіп, өзінің қорғаныш қабықшасының арқасында көктемге дейін сақталады. Содан кейін, қолайлы жағдайда геммуланың ішіндегі клетка жиынтығы сыртқа шығып жаңадан губка дамиды.
Жынысты жолмен барлық губкалар көбейеді. Губкалардың басым көпшілігі қос жынысты. Жыныс клеткалары мезоглея қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. Аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңі аналық организмнің ішінде өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі бөліне отырып 8 бластомерлерге бастама береді. Одан бір қабатты шар тәрізді ұрық - бластула түзіледі. Оны амфибластула деп те атайды. Аналық организмнің ішінде амфибластула өзіне тән өзгерістерге ұшырайды. Бұдан кейін амфибластула саңылаулар жүйесі арқылы губканың денесінен су ортасына шығып, еркін жүзіп, біршама уақыттан кейін майда талшықты клеткалары бар жағымен субстратка бекінеді. Осыдан кейін майда талшықты клеткалары ірі клеткалар жағына қарай еніп, екі қабатты ұрық пайда болады да, ол ересек губкаларға айналады. Ұрықтың майда талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, ал ірі клеткалары - сыртқы, дермальды қабатын, мезоглеяны және оның барлық клеткалык элементтерін құрайды.

82% уникальности


2-Блок



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет