Бағалау критерийі: ою- өрнектің не екенін біледі; қағаздан ою оюды үйренеді.
Оқулық, 84–85- беттер.
2-сыныпқа арналған CD-диск.
Ортасы
Жаңаұғымдытүсіндіру Өрнек – бұйымның бетіне түсірілетін нақыш. Өрнек нақыштары қайталанып, алмасып отырады.
Мұғалім өткен сабақта қазақ ұлттық оюларында әртүрлі өрнектердің бар екеніне көз жеткізгендерін айтады. Оюдың өрнектен қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріп өтуге болады. Өрнекте нақыштар белгілі бір қашықтықта қайталанып отырады. Ал оюда ол міндет емес. Өрнек қандай нақышпен басталса, сол нақышпен аяқталады. Одан әрі мұғалім өрнек түрлеріне тоқталады, яғни жолақты, шеңбер және шаршы ішіндегі өрнек түрлері бар. Оқушыларға жолақты өрнек құрастыруды ұсынады. Геометриялық пішіндерден өрнек құрастыру оңай. Балалар әлі геометрияның не екенін білмейтіндіктен, геометриялық пішіндерге нелер жататынын айта кеткені жөн. Сонда балалар шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, сопақша және ромб геометриялық пішін деп аталатынын біледі. Міне, бұл пішіндерден өрнек құрастру қиын емес. Оны алдын ала дайындап қойған пішіндермен тақтада көрсетуге болады. Өрнек бір пішіннен басталып, сол пішінмен аяқталғанын қадағалау керек. Сондай-ақ пішіндердің арақашықтығы да бірдей, пішіндер бір түсті және бірдей өлшемді болғаны дұрыс.
Шығармашылықжұмыс Ұлттықою-өрнекқұрастырамыз Оюдың жасалу реті:
Түрлі түсті қағазды екіге бүкте.
Бүктелген тұсына «қошқармүйіз» оюының жартысының суретін сал. Оны қиып ал. Бүктеуін ашсаң, тұтас ою шығады.
Өрнектерді түрлі түсті төртбұрышты қатырғықағазға орналастыр. Ұсақ пішіндермен толықтыр.