Н. А. Раупова, Ә. Т. Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова


Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер



бет52/53
Дата17.08.2024
өлшемі0,51 Mb.
#105921
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
2 кл ктп

қосымша



Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер




«20 секунд» тәсілі. Мұғалім нақты сұрақ қойып, оған 20 секундтың ішінде ойланып, жауап беруді сұрайды. (Бұл тәсіл оқушыларға ойланып жауап беруге мүмкіндік береді. Мұғалім сұрақты қоя сала
сұрақ-жауапты бастайды, оған 4–6 оқушы жылдам жауап береді.) Оқушылар жауаптарын қағазға қысқаша жазып алады, сонда жауап беру барысында ойлары бөлінбейді.


«Екі жұлдыз, бір тілек» – оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды, дұрыс орындалған тапсырмаға «екі жұлдыз», түзетуді талап ететін тұсына «тілек» білдіреді.


«Бағдаршам»


Жасыл түс: «Менің қолымнан келеді. Бәрін тамаша орындадым». Сары түс: «Аса сенімді емеспін. Маған мұғалімнің көмегі керек». Қызыл түс: «Мен орындай алмадым. Мұғалімнің көмегі керек».


«Смайлик»


Оқушыларға бет әлпеті бейнеленбеген адамның суреті таратылып беріледі. Оқушылар сол сәттегі көңіл күйін адамның бет-жүзін салу арқылы бейнелеп көрсетеді.


«Алма ағашы»


Оқушылар сабақ тақырыбын түсінген-түсінбегендерін алма ағашына жасыл және қызыл түсті алманың суреттерін жапсыру арқылы көрсетеді.


«Гүлдер»


Оқушылардың әрқайсысы көңіл күйіне сәйкес келетін гүл күлтелерінің түсін таңдайды. Одан соң олардың бәрін жинап, гүл жасайды.


«Гүлшоғы»


Сабақтың басында оқушыларға көк және қызыл түсті қағаздан жасалған гүлдерді таратып береді. Сабақтың соңында мұғалім: «Егер сендерге сабақ ұнаса және жаңа нәрсе үйренсеңдер, онда вазаға қызыл гүлді, ал егер сабақ қызықты болмаса, онда көк түсті гүлді желімдеңдер», – дейді.


  1. қосымша


Қайшы, желім, ермексаз (сазбалшық), пышақпен жұмыс істеу ережелері




Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау


  • Қайшыны орнына қой.

  • Өтпейтін және дұрыс бекітілмеген қайшыны қолданба.

  • Қайшының жүзін жоғары қаратып ұстама.

  • Қайшының жүзін ашық қалдырма.

  • Қайшымен жұмыс істегенде жолдастарыңа жақындама.

  • Қайшыны біреуге берерде үшкір жағын өзіңе қаратып бер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет