Н. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет3/10
Дата14.02.2023
өлшемі238,5 Kb.
#67701
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Пәнді игеру барысында:
1) Тілдік және әдеби деректерді тану, саралау және талдау барысында жинақтаған теориялық білімін дұрыс пайдаланып, ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізеді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың оңтайлы формалары мен әдістерін таңдайды және қолданады, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін пайдаланады; рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні меңгертіледі;
2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейтіледі;
3) құндылықтардың адамдық болмыстың негізін қалаушы, адам өмірінің бағыт-бағдарын анықтаушы категория екендігі, олардың құрылымы мен сипаты, құндылық пайымдаулардың табиғаты мен ерекшелігі, құндылықтарды бағалау категориясының маңызы, бағалаудың обьектісі, жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтарды тани білудің мәні жан-жақты практикалық тұрғыда түсіндіріледі. Пәнді оқытуда әңгіме, пікірталас, түрлі медиаконтенттер әдісі пайдаланылады.


XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы курсының мақсаты:
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын оқытудың мақсаты негізгі, қазақ әдебиеті пәнін жоғары оқу орында оқытудың маман әдебиетші дайындау, студентке қазақ әдебиеттану ғылымын жүйелі түрде меңгерту, игеру міндетінен туындайды.
Сол орайда әдебиет тарихының XIX ғасырын қамтитын бұл курстың мақсаты XIX ғасырдағы әдеби мұраны қазақ әдебиетінің бай тарихын әдебиет теориясы, әдеби сын аясында ала отырып, сол мұрамен сабақтастықта қарастырып, ғылыми негіздер жөнінен жүйелеп танысу; бұрын-сонды жасалған, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгере отырып, әдебиет тарихы мәселелерін әрі қарай карастыру, ғылыми негіздерді тарату, ашу, айғақтау, бекіту.
XIX ғасырда жаңа сапаға көтеріліп, түрлі жанрда жасаған бай әдеби мұраны көркемдік арналар, жаңа мән, сипаттарға ойысудың беталыс, бағдарлары, көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан ғылыми негіздеуді жетілдіру, жандандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет