Н. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы курсының міндеті



бет4/10
Дата14.02.2023
өлшемі238,5 Kb.
#67701
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы курсының міндеті:

  • XIX ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын нақтылы түр, жанрлык сипат жөнінен тануға бағыттау.

  • XIX ғасыр әдебиетін Зар заман ағымы; Қоқан хандығы билеген өңірде туған әдебиет; Айтыс өнері; Сал-серілер поэзиясы; Қисса-дастандар; Еуропалық үлгідегі жаңа жазба әдебиет түрінен қарастырып, өзіндік ерекшелігін көрсету.

  • Түрлі жанрда, қилы мақсатта туып жасаған XIX ғасырдың бай әдебиетінің аса ірі, айтулы өкілдерінің шығармашылық мұрасымен ңақтылы танысып, дара сипаттарын саралауды негіздеу.

  • XIX ғасыр әдебиеті – ұлтымыздың рухани асылының алтын кесегі. Сол әдебиеттің көркемдік болмысын ғылыми негіздеуді ілгері дамыту мәселелерін оқу процесінде игеру.



Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Білім алушыларға ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріліп, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік, озық көркемдік әдістер мен жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігін, зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамуындағы реалистік маңызын проблемалық дәріс, сұрақ-жауап әдістерін қолдана отырып тереңдетіле меңгертеді.


Оқыту нәтижелері:
Мұнда оқылатын лекциялық дәрістер мен өткізілетін практикалық сабақтардың тақырыптық-жоспарлық құрылымы, курстың мақсаты, міндеттері, дәрістердің мәтіндік құрылымы, практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары, әдістемелік нұсқауы, пайдаланылатын негізгі және қосымша әдебиеттер берілген. Бұл курста студенттер жыршы, жырау, толғау сияқты ұғымдармен таныса отырып, оның әдеби-теориялық мәніне үңіледі. Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады. Дәрістік және семинарлық сабақтар барысында әдебиет туралы ғылымның тарихи жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркем әдістер мен бағыттар, ағымдар, стиль мәселесі т.б жөнінде жан-жақты мағлұматтар беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
А. Әдебиет тарихына негізделген, әдеби заңдылықтар, шығармалар, дәуір ерекшеліктері, қазақ әдебиетін дәуірлеу туралы білімі мен түсініктерін кәсіби тұрғыда көрсетеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет