196
6. Тұздалған қиярды тазалаңыз, салат пен винегретке арнап
тілімдеп тураңыз, майонезге арнап текшелеп тураңыз, оларды
бөктіріңіз. Ашыған қырыққабатты кесіңіз.
7. Томатты
сумен езіңіз, бөктіріңіз.
13.8. Кесте. Томат қосылған көкөніс тұздығы
Азық-түлік
Салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сәбіз
625
500
Басты пияз
238
200
Томат пюресі
200
200
Өсімдік майы
100
100
3%-дық сірке суы
300
300
Құмшекер
30
30
Сорпа
100
100
Шығымы
—
1 000
—
75
13.9. Кесте.
Гарнирмен пісірілген ет
Азық-түлік
Салмағы, г
1 порцияға
2 порцияға
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сиыр еті
164
121
Піскен ет
—
75
Гарнир
—
75
Тұздық
—
30
Шығымы
—
180
198
8. Салат дәмдеуішін дайындаңыз.Ол үшін өсімдік майы, сірке
суы, тұз, қант, ұнтақталған бұрышты араластарыңыз және жақсылап
шайқаңыз.
9. Томат қосылған көкөніс маринадын дайындаңыз. Саламдап
туралған пияз бен сәбізді өсімдік майына бөктіріңіз, томат пюресін
қосыңыз және әлі де 5-10 минут бөктіріңіз. Көкөністерге сорпа
құйыңыз, сірке суын, хош иісті бұрыш, қалампыр, даршын, лавр
жапырағы, тұз,
қант қосыңыз, 10 минут қайнатыңыз.
10. Корнишон қосылған майонез тұздығын дайындаңыз.
11. Салқын тамақтар дайындаңыз және әсемдеңіз.
ЖЕКЕЛЕГЕН ТАҒАМДАРДЫ
ДАЙЫНДАУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бутерброд. Ақ нанды қалыңдығы 1-1,5 см тілімдерге тураңыз,
олардың үстіне 2-3 кесек майшабақ, жанына ұсақтап туралған пияз
бен сары майды роза гүлі түрінде қойыңыз. Бутербродтарды
жұмыртқамен безендіруге болады.
Ет салаты. Салатқа арналған етті жұқа пластиналарға және
тіліктерге кесіңіз. Ет тіліктерін, тұздалған қияр мен картопты
араластырып, үстіне майонез қосыңыз. Салатты салат ыдысына
салат жапырағының үстіне салып ет, майонез, жұмыртқа, аскөкпен
әсемдеңіз.
Көкөніс винегреті.Тілімдерге кесілген қызылша, сәбіз, картоп,
тұздалған қияр, ашыған қырыққабатқа өсімдік майы немесе салат
дәмдеуішін қосыңыз, араластырыңыз, салат ыдысына үйіп салыңыз,
тілінген сәбіз немесе басты пиязбен безендіріңіз.
Майшабақ гарнирмен. Майшабақты жаймаға салыңыз, жанына
түстерін аламастыра отырып үйіп гарнир салыңыз, барлығына салат
дәмдеуіштерін құйыңыз, тағамды жұмыртқа және жасыл пиязбен
әсемдеңіз.
Маринадпен қуырылған балық. Балықты негізгі тәсілмен
қуырыңыз, салат ыдысына салыңыз, маринад құйыңыз, жасыл пияз
себіңіз.
Піскен ет гарнирмен. Етті талшықтарына кесе-көлденең жұқа
тілімдерге тураңыз, салқын тағамдар тәрелкесіне салыңыз, жаңа
піскен қызанақ, қияр гарнирімен жасыл салат немесе аскөкпен
әсемдеңіз.
Бутербродты суық тағамдарға арналған тәрелкемен, бетін
майлықпен жауып беріңіз. Салат ыдыстарын салат салатын немесе