3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелеріне жататындар:
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі және қосалқы бөлімшелер: медициналық техникаларды жөндейтін шеберханалар, гараж және көкөніс сақтайтын қойма және т.т.
3.1.Қабылдау бөлімі.Бұл бөлім ауруларды қарауға, диагнозын дәлелдеуге және аурудың ем алатын бөлімін анықтауға арналған. Осы жерде ауруы жұқпалы емес науқастарды санитарлық өңдеуден өткізеді және біріншілік медициналық құжаттарды толтырады. Қажет болған жағдайда, қабылдау бөлімінде бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Көп төсекті ауруханалардың қабылдау бөлімінің құрамында реанимациялық палата болады және кішігірім диагностикалық бөлім ұйымдастырылады.
Орталық қабылдау бөлімі, әдетте, ең үлкен емдеу корпустың ауруханың аумағына көлік кіретін және транспорттық лифтке жақын жағында орналасады. Реанимациялық, рентгенологиялық және хирургиялық бөлімдерімен қолайлы байланыс болуы керек. Аурухана ішілік инфекцияны болдырмау үшін балалар, акушерлік, туберкулездік, жұқпалы және тері-венерологиялық бөлімдердің қабылдау бөлімшелері, бөлімдердің өзінің ішінде орналастырылады.
Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу және анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар қарастырылады. Бөлімді жоспарлау, науқастардың инфекцияны бір-бірінен айқас жұқтыру қаупін максималды төмендететін болуы тиіс.