4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында). Аурухана ішілік инфекциялар (АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) – осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуыныңсебептеріөтекөп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.
Келесі және аса маңызды себебі болып табылатыны - көпшілік антибиотиктердің және дезинфекциялық заттардың әсеріне төзімді, вируленттілігі және патогенділігі жоғарылаған, қоршаған ортада тұрақты, микроағзалардың жеңіл жойылмайтын ассоциациясының аурухана ішінде қалыптасуы мен таралуы. Мұндай селекция, қолдануы жеткіліксіз негізделген немесе жеткіліксіз дозада және аз уақыт антибиотиктерді, әсіресе, әсер ету спектрі кең антибиотиктерді кеңінен қолданудың, дезинфекциялайтын химиялық заттардың концентрациясын, қолдану режимін, сақтау жағдайы мен мерзімін сақтамаудың, бактерицидтік шам сәулесімен зарарсыздандырудың дозасы мен уақытын сақтамаудың нәтижесі болып табылады. Егер антибиотиктік кезеңнің басында көп ауруларды, оның ішінде АІИ-ды да, емдеуге антибиотиктерді қолдану орасан зор төңкеріс жасаса, қазіргі кезде микробтардың антибиотиктерге төзімді штаммдарының пайда болуына, жаңа антибиотиктерді синтездеп үлгермейді.
Сондай-ақ, практикаға инвазивті күрделі емдеу және диагностикалық әдістерді: бронхоскопияны, гастрофиброскопияны, цистоскопияны, колоноскопияны, амниоцентезді, гемодиализді, тамырларға түтік сүңгі (катетер) салу, жасанды қан айналымын және басқаларды енгізу де, АІИ өсуіне себеп болды. Бұл әдістердің көпшілігі, медицина практикасында жиі қолданылады. Бірақ, бұл әдістерде қолданылатын аспаптарды зарарсыздандыру үшін басқа әдістер қажет, мысалы, хирургиялық саймандарды зарарсыздандыру әдістеріндей емес, себебі, бұл аспаптардың құрамына өте байқап ұстауды қажет ететін, құрам бөліктер кіреді. Мұндай аспаптарды деконтаминациялау жөнінде анық айтылған нұсқаулар әзірше жоқ.
Соңғы жылдарға тән, дәрілік препараттарды парентералдық жолмен енгізу, қан және оның құрам бөліктерін құю, қуыстарға пункция жасау, сүңгімен тексеру сияқты, медициналық әрекеттер де, ауру адамдарға да, медицина қызметкеріне де, аурухана ішілік инфекция жұғуы себептерінің бірі болып табылады.
Медицина қызметкерінің аурухана ішіндегі тәртіпті және жеке басының гигиенасын сақтамауы сыңайлы АІИ дамуының себебін де, ерекше айтып көрсеткен жөн. Гигиеналық талаптарға бұлай қараудың салдары ретінде, кең таралған, тексерілмеген қанды құюдан және бір рет пайдаланатын шприцті қайта пайдаланудан 2007 жылы Республиканың Оңтүстік Қазақстан облысында 120-дан астам балаларға ЖИТС жұққан және өлімге әкеп соққан, қайғылы оқиға мысал бола алады.