Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері



бет252/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
Ауылшарушылығында әр түрлі өндіріс түрлері іске асырылады: әр түрлі өсімдік дақылдарының өндірісі, мал шаруашылығы, жөндеу жұмыстары, біріншілік өңдеу, ал соңғы жылдары ауыл шаруашылық дақылдарынан өңдеу өнімдерін алуда іске асырылуда. Олардың көпшілігіне өнеркәсіптік өндірістен өзгешелігі бар өзіндік ерекшеліктер тән, атап айтқанда далада жұмыс істеу, негізгі жұмыстардың мезгілдік сипатта болуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне тән ерекшелігіне бағынатын жұмыс күннің тәртібі, жиі болатын лимиттелген жұмыс уақыты, адамға әр түрлі улы химикаттар мен топыраққа енгізілетін минералды тыңайтқыштардың әсер ету мүмкіншілігі, әр түрлі биологиялық факторлар әсер етуінің жоғарғы қауіп-қатері сияқты ерекшеліктер.
Механизаторлардың еңбек гигиенасы. Егін егу алдындағы топырақты өндеу және егу, егінге күтім жасау, өнімді жинау сияқты өсімдік дақылдары өндірісіндегі барлық негізгі жұмыс турлері механикаланған түрде тракторлардың және әр түрлі комбайндардың (дәнді дақылдық, қызылша жинаушы, картоп жинаушы және т.б.) көмегімен іске асырылады.
Далада таза ауада жүргізілетін жұмыстарды еңбек іс әрекетінің ең таза зиянсыз түріне жатқызғанмен, механизатораға әсер ететін негізгі өндірістік факторлардың бірі қолайсыз микроклимат болып табылады. Кабина ішіндегі микроклимат көрсеткіштері метеорологиялық жағдайлармен, жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштан бөлінген жылумен, ауылшаруашылық машиналарының қатты қызған немесе суық метал беттері түріндегі басқа да қосымша жылу немес суық көздерінің болуымен анықталады. Жылдың жылы мезгілінде сыртқы ауа температурасы 25-30ºС және кабина төбесінің алдыңғы қабырғасы 50-60ºС дейін қызуы кезінде машиналардың кабиналарындағы температура 38-39ºС дейін жоғарлайды, ал оңтүстік аймақтарда одан да жоғары шамаларға жетеді, ол жұмысшыларға ыстық өтуіне әкеп соғады. Жылдың суық мезгілінде көктемгі және күзгі алқаптық жұмыстарды жүргізу, қар тоқтату кезінде жылы жабдықталмаған кабиналарда жұмыс істеу адам ағзасына төмен және субнормальды ауа температурасының әсер етуінің себебі болуы мүмкн, ол ағзаның қатты салқындау қаупін туғызады.
Механизаторларға тұрақты әсер ететін өндірістік ортаның басқа факторларына шу мен діріл жатады. Негізгі шу көздері жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш, жанған май газын шығаратын жүйесі, жанармайлық аппаратура болып табылады. Шудың спектрлік құрамында жоғары жиіліктісі басым болады, ал кабинадағы шу деңгейі жиі рұқсат етілген шамадан 20-25 дБ жоғары болады. Соның нәтижесінде механизаторларда жұмыстан кейін есту өткірлігі нашарлайды, қажығыштық, басы ауруы байқалады, есту нервісі ауруларының деңгейі жоғары болады.
Тракторшылар мен комбайншылар әсеріне ұшырайтын діріл аралас болып келеді: жалпы (транспорттық) және жергілікті. Ауыл шаруашылық машиналарды жүргізушілердің жұмыс орнына отырғышы арқылы, жұмыс барысында машина тегіс емес жермен қозғалған сәтте (жалпы діріл) пайда болатын төмен жиілікті дүмпү (толчок) тәрізді реттсіз сипаттағы діріл әсер етеді. Ең үлкен дүмпулер машина сағатына 11 км дейін жылдамдық алғанда пайда болады. Көбінесе тік бұл дірілдердің жиіліктері резонанстыға сәйкес келеді, және де оның деңгейлері рұқсат етілген шамалардан жоғары болады. Бұдан басқа, жұмыс орнына (жалпы діріл), сондай-ақ механизаторлардың қолдарына машина басқару органдары арқылы (жергілікті діріл) қозғалтқыштар мен машиналардың қозғалыста жұмыс атқаратын тетіктерінің – трансмиссиялар мен транспортерлердің жұмысы кезінде пайда болатын діріл беріледі. Бұл діріл орташа жиілікті болып табылады. Оның деңгейі әдетте, рұқсат етілген мәндерінен аспай, нормативтік деңгейлердің жоғарғы шектеріне жетеді.
Дірілдің механизаторлардың ағзасына дірілдің әсер етуі әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуына себепші болады, тірек-қимыл аппаратының микрожарақаттануына жағдай жасайды, ол деформирлеуші остеоартроздар мен дискоздардың, омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің остеохондроздарына алып келеді, бұлшықеттердің қажуын арттырады және т.б. өзгерістерге әкеп соғады (берліген тараудың 5 бөлімін). Әйел-механизаторларда етеккір-ана без гормондары циклінің бұзылыстары, әйелдің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының асқынуы байқалуы мүмкін.
Дала жұмыстарына тән факторлардың біріне шаң мен машиналардан шығатын жанған жанармай газдары жатады. Ауаның шаңмен ластануы егін егу алдында жерді жыртқанда, егін еккен кезде, топырақ қабаттарын аралстыру нәтижесінде, культивациялауда, өнім жинауда, оны өңдеуде орын алады. Шаңның құрамы аралас, оның құрамында минералды да, органикалықта құрам бөліктері, солай органикалық құрамдастар, әр түрлі бактериялар, патогенді микрофлора, гельминт жұмыртқалары, көгерткіш (зең) саңырауқұлақтардың споралары, сонымен қатар агрохимиялық мақсатта арнайы енгізілетін минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар болуы мүмкін. Егін шаруашылығындағы көптеген жұмыстарды орындау кезінде көбінесе минералды шаң түзіледі, дәнді дақылдарды, мақтаны, зығырды жинау кезінде – көбінесе құрамында өсімдік тозаңдар бар, органикалық (өсимдік) ал мақтаны, зығырды, кенепті өңдеу кезинде – олардың талшықтары бар шаң түзіледі. Ауаның шаңдануы әдетте жоғары, ал шаң бөлшектерінің басым көпшілігінің өлшемі 5 мкм аз, бұл олардың тыныс алатын ауамен төменгі тыныс жолдарына төменгі және өкпе көпіршіктеріне дейін өтуін қамтамасыз етеді. Еңбек өтілі үлкен жұмысшыларда ауыл шаруашылық шаңымен тыныс алу шанан болатын созылмалы бронхит дамуына, ал құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы болса – өкпеде айқындылығы орташа диффузды-склероздық және түйінді өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін. Шаңданған атмосферада үнемі жұмыс істеу жоғарғы тыныс жолдарының, көздің және терінің қабыну ауруларын туғызады. Өсімдік текті құрам бөліктери аллергиялық аурулардың – поллиноздар дамуының себебі болуы мүмкін.
Тыныс алатын ауамен бірге ағзаға жанған жанармай газдар да енеді, олардың құрамына көміртегі тотығы, азот тотықтары, альдегидтер, көмірсутектер, күйе, бензапирен және т.б. қосылыстар кіреді (ІІІ тарау). Олардың ішінде көміртегі тотығының маңызы зор, оның орташа концентрециялары тракторлардың кабиналарында 13-15 мг/м3 дейін жетеді. Пайдаланылған газдарын бензинді қозғалтқыштар бәрінен де көп шығарады ал дизелді қозғалтқыштар ауаны аз ластайды.
Механизаторлардың еңбегі, сондай-ақ нормаланбаған жұмыс күнімен, әсіресе егін егетін немесе өнім жинайтын күндері орын алады, сондай-ақ жұмыстың жоғары қарқындылығымен, дене жұмысының статикалық жүктемелерімен, жүйкелік-эмоционалдық зорланумен ерекшеленеді.
Механизаторлардың еңбегіндегі факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралардың кешенінде автоматты турде басқарылатын, шу мен діріл деңгейі төмендетілген машиналарды құрастыруға, кабиналарда камфортты жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөлінеді. Тракторлардың кабиналары жабық типті, беттері жылу оқшаулағыш, сынбайтын әйнектен жасалған 4 қарайтын терезесі болуы керек. Олар жылытатын құрылғыларымен, сондай-ақ ауаны салқындататын және ылғалдайтын жүйелерімен жабдықталған болуы тиіс. Шаңдану мен газдануды төмендетуге бағытталған ең тиімді шара кабиналарды герметизациялау, енбелі желдету түрін ұйымдастыру болып табылады. Бұдан басқа, жанармай жануынан шыққан газдармен ауаның ластануының алдын-алу үшін тракторлар мен комбайндардан жанған жанармай газдары шығатын құбырын кабинаның төбесінен жоғары етіп шығарады, қозғалтқыштарды уақтылы жөндеп тұрады. Шудың деңгейін төмендету мақсатында жанған жанармай газдары шығатын құбырларға шу сөндіргіш орнатады, кабиналарға дыбыстан оңашалау жүргізеді, ал дірілді төмендету үшін отырғыштарды жұмсақ амортизаторларға орнатады. Отырғыш жұмсақ, жартылай жұмсақ жылжымалы арқалығы және шынтақ тіректері болуы керек. Сондай-ақ кәдімгі теріден жасалған жастықтарды немесе киіз төсеніштерді қолданады.
Кабиналары жоқ ауыл шарушылық машиналарының (тіркемелі агрегаттар, топырақ өңдеуші, егін егетін және отырғызатын тіркемелер) басқару алаңқайларында ыңғайлы жартылай жұмсақ, арқалығы мен амортизациясы бар, үстіне күн көзінен және жауын-шашыннан қорғауға арналған шатыр орнатылған, жұмыстық орындықтары болуы тиіс. Жұмыс орнының алдынан жылжымалы мөлдір қалқанша орналастырылуы керек. Өнім жинайтын машиналардың жұмысы істеуі шаң шығарумен жүретін барлық бөліктерін жабу керек.
Механизаторлар шаңға қарсы комбинезондармен, қорғағайтын көзілдіріктермен және респираторлармен жабдықталуы керек.
Механизаторлардың еңбегін оңтайлы етудің, жұмыс күні нормаланған екі ауысымда жұмыс істеуді ұйымдастырудың, күннің қатты ыстық уақытында қосымша үзілістер жасаудың, рационалды тамақтандыруды ұйымдастырудың үлкен маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет