2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері. Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында, ол іргелік медицина пәндерінің – анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялық физиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның, биологияның, микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, т.б. сияқты медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.
Барлық клиникалық пәндермен өзара байланыссыз гигиенаның болуы, мүмкін емес, себебі, денсаулық жағдайын бағалау үшін өзінің зерттеулерінде гигиена, клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының сипаты туралы мәліметтерді кеңінен қолданады. Сонымен қатар, қоршаған орта факторларының гигиеналық сипаттамасы, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу- алдын алу іс-әрекеттері тұрғызылатын негіз болып табылады.
Қазіргі кездегі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді. Бұл бөлімдердің әрбіреуі гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. Болашақ дәрігер-гигиенист мамандар үшін пропедевтикалық гигиеналық пән және болашақ емдеуші дәрігерді гигиеналық білімдермен қаруландыратын пән болып табылатын жалпы гигиена, олардың ішінде айрықша орын алады.
Гигиена өзінің міндеттерін шешу үшін, тек гигиенаның өзіне тән зерттеу әдістерін де және басқа да медициналық, медициналық емес пәндердің де, әдістерін қолданады. Гигиенаның өзіне тәнәдістеріне санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау және гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің ішінде біреулері- қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік береді, басқалары- олардың адам денсаулығына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі де спецификалық емес әдістердің кең спектрін: физикалық, химиялық, биологиялық, статисткалық, клинникалық әдістерді және басқаларды қолдануды қарастырады.