Сондықтан, негізгі қойылатын талап - қалдықтарды қауіпті болатын уақыт бойына қоршаған ортадан (жер асты сулары, атмосфера) оқшаулау болып табылады.
Қойманың жобасын жасау және жүзеге асыру кезінде ХРҚК ұсынған принципті жетекшілікке алады. Бұл принцип бойынша, қойманы жапқан кезде, оның халық үшін қауіп-қатері (қойма эволюциясының ең ықтимал жолдарын ескергенде) жылына 0,3 мЗв дозадан аспау керек.
Көму пунктінің ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі, көмуге таңдап алынған жерлердің қолайлы сипаттамаларының, жобаның инженерлік-техникалық сипаттамаларының, қалдықтардың тиісті түрі мен құрамының (ұзақ өмір сүретін радионуклидтер мөлшерінің лимитін белгілеумен), пайдалану процедуралары мен ведомстволық бақылау шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі.
Қалдықтарды көму жүйесі келесі шараларды қамтамасыз етуі қажет:
радионуклидтермен ластануы үшін, ашық қоршаған ортаның нысандарына түсетін мүмкіншілігі бар радионуклидтердің шығарындыларын бақылау;
көму пункті жабылғаннан кейін, бекітілген мерзім бойына көму алаңына үнемі бақылау жүргізу; бұл жағдайда, АТЭХАГ стандарттарында бірнеше ондаған метр тереңдікте орналасқан қоймалардың қауіпсіздігін, ведомстволық бақылаудың белсенді іс-шараларын қолданбай, қамтамасыз ету мүмкіншілігі қарастырылған.