Н. К. Крупская атындағы №18 орта мектеп Тақырыбы: «Атырау экологиясы» Жаратылыстану-математикалық бағытындағы география пәнінен таңдау курсына арналған бағдарламасы


Атырау табиғатының бүгіні және болашағы



бет3/3
Дата02.10.2023
өлшемі207,88 Kb.
#112370
түріБағдарламасы
1   2   3
Атырау табиғатының бүгіні және болашағы


Сабақтың білімділік мақсаты: Атырау облысының экологиялық мәселелері,
физикалық географиялық жағдайы.


Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сыныптас жолдастарының ойын
тыңдауға, олардың қарама-қарсы пікірлеріне көзқарасын білдіріп, өз ойларын еркін әрі нақты жеткізу, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Атырау облысының экологиясының болашақ үшін маңызы зор екендігін айту, экологиялық тәрбие беру.


Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау


Түрі: пікіралмасу


Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атырау облысының картасы, презентация.


Дидактикалық материалдар: тірек-сызбалар, кестелер, тұжырымдамалық карта


Пәнаралық байланыс: тарих, биология, химия, экология, информатика


Жүрісі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Мақсатын айту
Көп ізденсең, көп білерсің.

Сыныпты топқа бөлу: І топ: Ізденімпаздар


ІІ топ: Тілшілер
ІІІ топ: Болашаққа болжау
І топ: Қосымша мәліметтер арқылы ізденіс жұмыстарын қорғайды.
Атырау өлкесінің табиғатының бүгіні
Атырау өлкесінің табиғатының болашағы
Экологиялық мәселелерді шешу жолдары

Қорғау тәртібі:



  1. Уақыты 3 минут

  2. Жаңашыл сипаты

  3. Проблемалық жағдайын және шешу жолдары айту

ІІ топ Атырау тілшісі
Каспий тілшісі
Жайық тілшісі
Құлсары тілшісі
Қырықмылтық газ-мұнай кені тілшісі

ІІІ топ Егер .... деп басталатын болашақ табиғат бағына деген болжам.


Егер табиғатқа тіл бітсе....
Егер сіз эколог болсаңыз....
Егер Каспий теңізі кемерінен асып жатса ...

Кесте: Атыраудың экологиялық жағдайы





Экологиялық жағдайы нашар аудандар

Экологиялық жағдайы орташа аудандар

Экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар








Карточкадағы тапсырмалар:



  1. Атырау облысының ауылдық жерлермен салыстырғанда қалалық жерлердегі ауа құрамы неліктен лас?

  2. Табиғатты тиімді пайдалану жолдарын айту.

  3. Атырау қаласы үшін өнеркәсіптердің пайдасы мен зияны

Қорытындылау:


Сабақтағы нәтижем:


Осы сабақта алған білімдері оқушылар үшін құнды. Себебі: өз өлкелерінің экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары туралы білімдерін кеңейтті. Ой еркіндігінің нәтижесінде әр оқушының сабаққа қызығушылығы байқалды, еркін әрі нақты ойлар айтылып, пікіралмасу жүзеге асты. Теориялық мағұматтар қолданылып, жаңа әдісдерді пайдалану арқылы ғылыми жаңашылдық байқалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет