б) Дамытушылық: Әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы алған
білімдерін қолдана білуге, ой қорытындысын жасауға, талдауға
дағдыланады.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Жүйелеу сабағы.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Сызба.
Пәнаралық байланыс:.Дүниетану, ана тілі.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Жаңа ғана ояндық,
Керілдік те созылдық.
Есінедік ақырын
Тұру бізге тым қиын.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Сәлем бердік ал енді
Бастау керек сабақты.
Алақанды соққылап,
Табанменен тепкілеп,
Иықты да қозғаймыз.
Содан кейін бәріне:
«Қайырлы таң» дейміз біз.
Кім қандай спортты жақсы көреді ? ( шахмат ойнағанды, футбол
ойнағанды, суда жүзуді). Сол бойынша үш топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: