Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет142/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   197
Сабақтың тақырыбыЖануарлар дүниесі. Бунақденелілер.
Қосмекенділер. Жорғалаушылар
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Жұмбақ, мәтін және түрлі деректер арқылы жануарлардың 
пайдасын түсінуге, олардың құрып кетуінің алдын алуға күресуге баулу.
ә)Білімділік:Бунақденелілердің, қосмекенділердің және жорғалаушылардың
тіршілігі туралы білім алып, ең маңызды түйіндерді сызбаларға салуға, 
өзбетінше жұмыс жасауға, ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік беру. 
б) Дамытушылық: Пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар 
атқаруға жағдай туғызу. 
 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Кесте, сызба, жұмбақтар, 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
 І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа бағыттау. 
Қарайды нұрлы күн күліп 
Қуанышты көздерден. 
Тарайды шаттық құлпырып
Қуанышты көздерден. 
Күніміз сәтті өтсін! 
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру. (Үй тапсырмасын тексеру). 
Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін
материалды жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген жаңа сабаққа негіз 
болатын тапсырмалармен жұмыс. 
1.Сүтқоректілер тақырыбын сатылай кешенді талдау. Ауызша орындау. 
«Жалғастыр» ойыны арқылы талдайды. 
2. Оқушылар талдап келген сүтқоректілердің біреуін сатылай кешенді 
талдайды. Ауызша орындалады. Жұмыстары талқыланып, бір-біріне 
сұрақтар қояды. 
ІII. Жаңа сабаққа бағыттау. 
Жұмбақтарды шешіңіздер. 

Аяғы бар, басы бар, 
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа) 

Ұшады, 
Қонады, 
Гүлдердің қонағы. 
Қысында көрінбейді, 


Жазында болады. 
Түр-түсі сары ала, 
Не нәрсе?... (Бал арасы) 

Алдымен де, артымен де жүреді, 
Еңбекшілін елдің бәрі біледі. (Құмырсқа) 

Сулы жерді мекендеп, 
Құрлықта да секеңдеп, 
Шыбын-шіркей аңдиды, 
Жемге қашан жетсем деп. (Бақа) 
1.Бал арасы, құмырсқа, тасбақа және жылан, бақа жануарлардың қай 
тобына жатады? (бал арасы мен құмырсқа – бунақденелілер; тасбақа, 
жылан - жорғалаушылар; бақа - қосмекенді). 
2.Олар туралы қандай мәліметтер білесіздер? 
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет