Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


IV. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты



Pdf көрінісі
бет143/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   197
IV. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
 Қосымша әдебиетпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады) 
Бунақденелілер. Қосмекенділер. Жорғалаушылар
Бунақденелілер класы - өте көп, олардың адам өмірінде маңызы зор. 
Бунақденелілердің алты аяғы болады. Олардың денесі үш бөліктен –бас, 
кеуде, қарыннан тұрады. Олар топырақта, су бетінде, ауада, өсімдіктер 
денесінде тіршілік етеді. 
Табиғатта жиі кездесетіндер - қоңыздар. Бірінші тобы жәндіктермен 
қоректенеді. Оларды өсіріп, өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді жоюға 
бақшаға жіберіледі. Екінші тобы іріп-шіріген өсімдіктер мен жануарлар 
қалдықтарымен қоректенеді, олар табиғатты тазалайды: өлексе қоңыздар. 
Үшінші тобы өсімдіктердің бөліктерін жейді: зауза, колорад қоңызы. Жер 
бетінде қоңыздар - 300 мыңнан астам. 
Инелік - қомағай жыртқыш, ол шыбын, маса, соналарды 
жейді.Тарақан, шілделік, шегіртке, қандала, бит, бүрге деген 
сияқтылар - бунақденелілер. Бүргелер үйде болады, адамды ығыр ететін 
паразит. Егеуқұйрық бүргелер қауіпті ауру - оба қоздырғыштарын 
тасымалдайтын жәндіктер. 
Қосмекенділер - суда да, құрлықта да мекендейтін омыртқалы 
жануарлар. Оларда екі-екіден аяғы және өкпесі болады.Артқы аяқтары 
алдынғы аяқтарынан ұзындау болып келеді. Бұл олардың оңай секіруіне 
көмектеседі. Олар өсімдіктердің әртүрлі зиянкестерін жейді. Қосмекенділер


- салқынқанды жануарлар. Олардың дене қызуы қоршаған ортаның суық 
немесе жылы болуына байланысты. 
Бақа - батпақта, ылғалды орманда, шалғында, тұщы сулы тоған 
жағалауларында немесе суда тіршілік етеді. Бақалар бунақденелілермен, 
қосқанаттылармен, өрмекшілермен, балық шабақтарымен қоректенеді. Күз 
түсісімен қыстауға кетеді, мұз қатпайтын су қоймалар түбінде, өзендер мен
жылғалар басында он-оннан, жүз-жүзден топтасып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет