Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет155/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   197
5.Маңызы. 
6.Қорғау. 
7.Қорытынды 
 
ІV. Топтық тапсырма. Дәптермен жұмыс. 
Сызба бойынша жұмыс. Мәтіннің ішінен ең қажетті мәліметтерді сызба 
мазмұнына қарай талдап жазады. 
Үлгі: 
Су 
1.Анықтама. 
Су - күрделі зат, себебі адам ағзасы үшін пайдалы әртүрлі
элементтерден құралған. Жердің су қабығы – гидросфера деп
аталады.
2.Тану. 
2.1 Тарихы: Алғаш дүниені су басып жатқан. Тіршілік суда пайда
болған. 
2.2 Қасиеті: иіссіз, түссіз, дәмсіз, еріткіш. 
2.3 Су қабығы үш бөліктен тұрады:
1.Дүниежүзілік мұхит (Тынық мұхит,
Атлант мұхиты, Үнді 
мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты).
2.Құрлық бетіндегі жер асты су (өзен, көл, жерасты суы: 
минералды бұлақ)
3.Атмосферадағы су (қар суы, жаңбыр тамшылары, қылау, қырау, 
бұршақ) 
2.4 Маңызы: 
Адам денесінде 63% су бар. Су болмаса тірі ағза өледі. Су
санитарлық және шаруашылық тұрмысқа да керек. «Тазалық -
денсаулық кепілі» дейміз. Су болмаса, тазалық та болмайды.
Ғаламшарымызда су мүлде кездеспейтін жер жоқ. Жер
қабаттарының бәрі судан түзілген.
3. Ерекшелігі.Су табиғатта сұйық күйде, сондай-ақ қар және мұз, бу
түрінде кездеседі.Бір күйінен екінші күйіне айнала алады.(Бір күйден
екінші күйге айнала алады).Суда пішін болмайды. 


4.Қорғау (Экологиясы).Адам суды өз қажетіне және өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Есептеулерге қарағанда,
қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 
литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланылған су жуынды суға 
айналады. Ол - ластанған су. Олар канализация жүйесі арқылы ағын 
суларға, көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға жіберіледі. Кейде 
топыраққа төгіледі.Ауылдағы өзен, арық жағалауына тасталған 
қоқыстар да, суды ластайды. Сондықтан суды ластанудан сақтайтын
лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттігі туды. 
Судың да, сұрауы бар ............. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет