айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген
ұстанымы басты мақсаты. Ұлттық тәрбие негізінде ұлтымыздың ғасырлар
бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік
қағидаларын оқушы бойына сіңіру – әр сабақтың басты мақсаты, ол әр
сабақтың өн бойында көрініс табады (сабақтың үлгі жоспарларынан
көрінеді). Дәстүрлі сабақтарымызда берілетін жаттығулар, тапсырмалар,
өзіндік жұмыстар, қосымша материалдар тақырыпты жан-жақты ашуға,
оқушының логикалық ойлауына, танымдық дүниесінің баюына толық
мүмкіндік бермеумен қатар олардың арасында бірін-бірі толықтыратын,
сабақтастыратын байланыс, үйлесімділік жеткіліксіз. Сондықтан білім
алушылардың кез келген мәселе жайында жоғары деңгейде ой қозғауға,
көркем тілде баяндауға өресі жете бермейді. Ал, «Сатылай кешенді оқыту»
технологиясында теориялық білім ғылыми тілде терең меңгертілумен
қатар баланың мұғаліммен, өз бетінше орындайтын барлық тапсырмалары
ұлттық құндылықтарға негізделген. Сол арқылы бала тәрбиемен қатар
білім де алады.
Енді, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша құрылған
сабақтың жобасына тоқталсақ. Сабақ 3 кезеңнен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: