Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет4/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 Пән жүйесімен оқыту 
 Пән жүйесімен оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүреді, бірінің 
арбасына бірі соқтықпайды, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса 
оқылады. 
 Пән жүйесінде мұғалімдер әрқайсысы өз пәнін оқытып, өзгеге 
бұрылмайды, жазаласа, бірінің сабағына бірі қайшы келіп, бірінікін бірі 
өтірік қып отырады, әсіресе, дін молдасы мен пән молдасы шартпа-шұрт 
түсе береді. 
 Пән жүйесінде өмірді, құбылысты қолма-қол зерттеу деген жоқ, барлық 
білім кітапта болады, білімді тәжірибе арқылы баланың өз көзі жетіп 
таппайды, мұғалімнің сөзіне сенеді, оқу заманнан аулақ қалады. 


 Пәндерді бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесіне қарсы. Бала нәрсені 
тұтас түрінде, іске пайдалы жағынан қарап, ұғып біледі, бөлшегін, 
тарауын, қимылын елемейді. 
 Пән жүйесінде сағат сайын пәндер алмасып, ауысып отырады да, 
баланың ынтасын бірде-біріне тұрақтатпай, алаң қылады. 
 Пән жүйесінде адамның тіршілігіне керекті, керексіз көп сөздермен, 
пікірлермен баланың басын тығындап, миқата қылады. 
Комплексті оқыту 
 
 Комплекс жүйесінде мұғалімдер арасында алауыздық болмайды, дін 
молдасы мектептің қарасын көрмейді. Молда балаға икемденеді, 
баланың сұрауын қызық көргенін еске алып, баланың өзіне тапқызады, 
істеуге тырысады. 
 Комплексте бала өмірді, құбылысты өзі бақылайды, зерттейді, тәжірибе 
қылады, оқуды заманға тіреп, заманмен байланыстырып оқиды. 
 Комплекс тұтас, түйдек түрде ұқтырады, баланың жан жүйесіне тура. 
 Комплекс жүйесімен оқытқанда, пәндер бірігіп бір жолмен, бір арнамен 
ағып, айқасып, араласып оқылады. 
 Комплексте сабақ үздіксіз бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып 
отырады, бір сағатта бітпеген нәрсе екінші сағатта зерттеледі. Тыныс 
деген сабақтың арасын жіктеу үшін емес, дем алу үшін, бой көтеру үшін 
істеледі. Баланы бірден-бірге алаңдатпайды. 
Комплексте керексіз көп материалдар шағындалады, сұрыпталады, тек 
еңбек пен жаратылысқа, қоғамға қатынасы бар, өмірге
керектілері алынады. [2, 5-том, 24-24-б.].
Ж.Аймауытовтың осы салыстыруын негізге ала отырып дәстүрлі 
оқыту мен сатылай кешенді оқытудың айырмашылығын төмендегідей 
салыстыра отырып көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет