Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет9/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

5. Білімді есепке алу сабағы. Мақсаты: бала біліміндегі олқылықтарды 
анықтау, білім, білік, дағдыларының деңгейін тексеру. 

Деңгейлік тапсырмалар.

Тест 
«ОСКО» технологиясының түрлі әдістерін пайдаланып өткізген 
сабақтарда сыныптағы оқушылар түгел қатысады. Себебі, онда нені 
оқытамыз, оқушы нені білу керек, нені істей алу тиіс? деген мақсат айқын. 
Дәстүрлі сабақтарға қарағанда қызықты өтетіндіктен, балалар жылдам 
ұғып, тез сабаққа кіріседі. Әсіресе, талдау кезеңдерінде олар ерекше 
ықыласпен қатысады. Жазбаша талдау кезінде бірінің білгенін бірі 
толықтырып көп нәрселерге үйренеді, әрбір сөзді жаңа қырынан таниды. 
Мұғалім сабақтың барысын алдын ала ойлап, оны жүйелі түрде 
ұйымдастыруы қажет: қандай іс- әрекеттер арқылы, оқушының қай
қабілетін қалай дамыту керек? Бұл – «ОСКО» технологиясында әр 
сабақтың жауапты кезеңі. Баланың білімді өз бетімен ізденуі арқылы 


сөздік қоры, тіл байлығы, танымдық қабілеті, логикалық ойлауы артады. 
Өз ойларын, пікірлерін еркін білдіреді. Пәндерді оқыту барысында 
оқушылардың материалды жылдам, орта, төменгі деңгейде қабылдауына 
қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін 
қолайлы жағдай туғызылады. Әр деңгейдің өзінің алдына қойған 
мақсаттары бар: 
Бірінші деңгейде жазылым башылыққа алынады. Бұл деңгейде 
мұғалімнің қызметі бірінші орында болады. Яғни, мұғалім жазылым 
әрекеті арқылы тірек сызбаларды басшылыққа алып, теориялық 
материалдың алғашқы нұсқасын толық жазып оқушылардың саналы түрде 
меңгеруіне ықпал етеді. Онда білім алушылар біріншіден, сауатты жазып, 
оқып, айтуға дағдыланады; екіншіден, материалды жүйелі түрде түсініп, 
ғылыми тілде баяндауға машықтанады. 
Екінші деңгейде тыңдалымға ерекше мән беріледі. Екінші 
деңгейден бастап оқушының іс-әрекетіне басымдық беріледі. Мұғалім 
бағыттаушы, көмекші қызметін атқарады. «Тыңдалымға қатысты 
жұмыстардың бәрі бақылауға алынғаны дұрыс». (Ғалымның пікірі) Себебі, 
қазіргі балаларда алаңдаушылық басым, ойлары шашыраңқы, зейіндері 
тұрақсыз, бұл технология зейінді тұрақтандыруға көп көмектеседі. 
Оқушыларда сынптастарының жауаптарын мұқият тыңдау, ондағы 
жіберілген қателіктерін дер кезінде аңғару, оны сауатты түрде түзету 
сияқты іс-әрекеттерге машықтанады. Дәстүрлі сабақтарда бұл мәселелер 
жауап беруші оқушыға ғана қажетті болып көрінетін. Себебі дәстүрлі 
оқыту жүйесінде белгілі бір мәселеге әр оқушы өз түсінігі, өз тұжырымы 
бойынша жауап береді. Ал, «ОСКО» технологиясында әр пәннің тірек 
сызбалары бойынша жүйелі, сауатты, ғылыми тілде баяндау талап етіледі. 
Бұл – аталмыш технологияның басты қағидаларының бірі. 
Үшінші деңгей. Бұл деңгейдегі көзделген мақсат – оқушылардың 
ұқсас ұғымдарды жинақтау, айырмашылылықтарын ажырата білу, жекеден 
жалпыға көшу әрекетін жүзеге асыра алу, ой ұшқырлығына баулу, 
танымдық дүниесінің баюына жол сілтеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет