1.
Жаңа білімді меңгеру сабағы (теориялық сабақ). Мұндағы сабақтың
негізгі мақсаты: өтілетін тақырып бойынша терең де тиянақты
теориялық білім алу.
Сабақ кезеңдері:
Өткен материалды еске түсіру (жаңа
сабаққа тірек, негіз болатын білім);
жаңа білімді меңгеру;
бекіту.
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы (практикалық сабақ).
Бұл сабақтағы мақсаты: білімді практикада іске асыру.
Кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі;
теориялық білімдерді еске түсіру;
тәжірибелік жұмыстар орындау, бақылау,
жаттығу жұмыстарын жасау,
т.б
үйге тапсырма;
бағалау.
3. Аралас сабақ. Сабақтың мақсаты: материалды тұтас игеріп,
баланың
толық қабылдауына мүмкіндік жасау.
Кезеңдері:
ұйымдастыру;
үй тапсырмасын тексеру;
өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру немесе қайталау;
жаңа
материалды меңгеру;
жаңа материал бойынша түсінгендерін зерделеу;
бекіту;
үйге тапсырма;
бағалау.
4. Қайталау-жинақтау сабағы (тарау соңында). Мақсаты: бұрынғы
сабақтарда
алған білімдерін тереңдету, нақтылау,
қайталау, оқушы
санасына тұрақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: