Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет113/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197
5-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау 
 
Сабақтың мақсаты: 


а) Тәрбиелік: Топ мүшелері талқылауға қатынасып, бірлесе еңбектенуге
шығармашылық қарым-қатынас құруға, бірін-бірі үйретуге, ортақ 
шешімге келуге бағыттау.
 ә) Білімділік: Өткен тақырыптарды пысықтай отырып, алған 
білімдерімен есеп құрастыру мен шығаруға жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Берілген мысал, тапсырмаларды орындау арқылы 
ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасалынады, қорытынды жасауға 
дағдыланады. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Сызба. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Сабағымызға келгендер, сәлем бердік бәріңе! 
Ізгілікке сенгендер, сәлем бердік бәріңе! 
Өз бақытын өзгемен, тең бөлісіп көргендер 
Сәлем бердік бәріңе! ( балалар қол ұстасып, бір-біріне бұрыла қарап, бірге 
айтады ) 
«Білімдіге дүние жарық, 
Білімсіздің күні кәріп» ( ойтолғау) 
Сыныпты үш топқа бөлу. 
ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: алған 
білімдерін тапсырмалар орындауда пайдалана отырып,жүйелейді 
 
1-тапсырма: Викториналық сұрақтар ( ұжымдық ) 
1) Үш таңбалы санға 1-ді қосса төрт таңбалы сан шығады. Ол қай сан? 
( 999 + 1 = 1000) 
2) Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш 
қалады ? ( 5 ) 
3) Екі стақанға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердіңдер. 
Қайсы стақанда су көп ? ( бірдей) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет