Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет110/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   197
ІІІ. Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда 
әрекеттер іске асады. 
Тапсырма: Интерактивті тақтамен жұмыс  
Азайту амалымын, 
Әділдікті жақтаған. 
Артық кетсе біреуге, 
Дереу алып тастаған 
2-1=1 өрнегін сатылай кешенді 
талдау
1. Анықтама. Бұл өрнек азайту амалы. Себебі, бір 
қосылғыштың және қосын
 
дының көмегімен екінші қосылғышты табу амалы азайту 
амалы деп аталады. Азайғыш азайтқыштан үлкен болғанда ғана 
осы амал орындалады. Азайту амалы қосу амалына кері амал. 
Мысалы: 1 + 1 = 2; 2 – 1 = 1 
2. Мағынасы. 2 – 1 = 1, 2 азайғыш, 1 азайтқыш, «-» азайту 
таңбасы, « = » теңдік таңбасы, 1 айырманың мәні. 
3.Өрнекпен жазылуы. а) Бұтақта екі торғай отыр еді , бір 
торғайы ұшып кетті. Бұтақта бір торғай қалды дегенді былай: 
2 – 1 = 1 деп жазамыз. 
4. Оқылуы. а) 2 – 1 = 1 екі азайту бір тең бір немесе екі мен 
бірдің айырмасы бір деп оқимыз.
5. Сандық сәуледе кескінделуі
а) 2 – 1 = 1
0 1 2  
ІҮ. Дәптермен жұмыс. 1 және 2 сандары мен цифрларын көркемдеп 
жазу. 
1 +1 = 2 және 2 – 1 = 1өрнегін жазу. 
Ү. Сергіту сәті. 
Гүл-гүл жайнап жанамыз, 
Жаттығуды жасасақ. 
Жақсы сергіп қаламыз, 
Қолды белге қоямыз. 
Бұрыламыз солға бір, 
Бұрыламыз оңға бір. 
1, 2, 3 Баспен қимыл жасаймыз. 
1, 2, 3 


ҮІ. Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал 
жайлы ой толғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы 
ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді 
құрастырады, өз бағасын береді. 
1- топ: Қане, есептеші! Мұрат 3 шар үрледі. Ал оның қарындасы Сәуле 
Мұратқа қарағанда 1 шарды кем үрледі. Сәуле барлығы қанша шар 
үрледі ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет