Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


ІІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. (Ой қозғау)



Pdf көрінісі
бет166/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. (Ой қозғау). 
Сөзжұмбақ шешіп көрейік!
 
1.
 
 
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
3. 
 
 
 
 
 
 
 
4. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.
 
 
 
6.
 
 
7.
 
 
 
 
1. Қоршаған орта...? 
2.Ағаштардың отаны...? 
3.Өсімдіктің тыныс алу мүшесі...? 
4.Киелі және емдік қасиеті бар өсімдіктің аты...? 
5.Өсімдіктің қоректік заттарды қабылдайтын мүшесі...? 
6.Өсімдіктен нәр жинайтын жәндік...? 
6.Жануарларды қорғауға алған мекен аты...? 
Сөзжұмбақтың шешуі қандай сөз екен? (топырақ) 
Топырақ дегеніміз не? Ол туралы қандай мәліметтер білесіздер?(Оқушылар 
өз ойларын, білгендерін ортаға салады.) 
Олай болса балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы топырақ болмақ. 
 
IV. Жаңа білімді меңгеру. 
Екінші кезең: Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
Қосымша әдебиетпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады). 


Топырақ 
 
Топырақ деп жоғарғы табиғаттың әртүрлі күштерінің әсерінен 
қопсытылған, әрі табиғат пен тірі ағзаларға өте бай және сол тіршіліктің 
негізгі көзі болып отырған жердің құнарлы, өсімдік өсетін беткі қабатын 
айтады. Топырақ, академик В.И. Вернадскийдің анықтауы бойынша, әрі тірі, 
әрі өлі денеден тұрады. Топырақтану деген ғылым бар. Ғылымның негізін 
салған - В.В. Докучаев.
Топырақ аналық тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзімде 
әртүрлі жолдармен үгілуінің және мүжілуінің нәтижесінде пайда болған. Бұл 
табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, көшпелі 
мұздардың әрекеті ерекше. Сонымен, топырақ - жердің бетіндегі өсімдік 
өсетін, борпылдақ, жұмсақ қабат. Оның құрамында су, ауа, саз, құм, шірінді 
бар. Қарашірік (перегной) дегеніміз - микроорганизмдердің органикалық 
қалдықтары, негізінен алғанда, өсімдік қалдықтарын ыдырату өнімі. 
Топырақтың ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алуды
қамтамасыз ете алатын қабілетін оның құнарлығы деп атайды. 
Топырақ әртүрлі болады, ол климатқа, өсімдікке байланысты. 
Топырақты тегіне, құрлымы мен құрамына қарай күлгін, сазды, қара 
топырақты, қоңыр топырақты, сортаң топырақты, қызыл топырақты, сары 
топырақты, т.б. деп болады. Ең құнарлы - қара топырақ, оның қарашірігі 
мол(6-8%), ол жазық далада таралған. Құнары азырақ (4-6%) - қара қоңыр 
топырақ. Орталық Қазақстанда, Торғайда, Орал үстіртінде кездеседі. Ақтөбе, 
Қостанай, Ақмола, Орталық Қазақстан облыстарында күңгірт қара қоңыр, 
жай қара қоңыр, ашық қоңыр топырақтар таралған. Топырақтар құрғақ дала 
зоналарында пайда болады. Бұл топырақтарда шірінділер мен минералдық
заттар көп, суарған кезде өте құнарлы. 
Құба түсті топырақтың құнары аз, қолдан суаратын жерлерде 
таратылады. Сұр құба, тақыр түстес топырақтар құрғақшылық жерлерде 
кездеседі, құмды аймақтарда тақыр түстес топыраққа күріш егеді. 
Күлгін топырақтар қылқанжапырақты орман өсетін өсімдіктердің 
әсерінен пайда болады. Олар ақшылдау болып келеді, түсі күл сияқты, 
күлгін топырақты деп аталынуы да сондықтан. Бұл топырақтарда шірінділер 
аз, құрлымсыз, қышқылдығы жоғары, құнарлығы да аз. Топырағының 
құрамына қарай құмайт топырақты және сазды топырақты деп бөледі. 
Шымды күлгін топырақтар көпжылдық өсімдіктер өсетін аралас 
ормандар зонасында көп. Бұл топырақтар шірінділерге аса бай және күлгін 
топырақтарға қарағанда құнарлы. 
Сазды топырақтар ауаның және жердің температурасы төмендегенде 
пайда болады, жер қыртыстарында ылғалдың жиналуына әсер етеді де, 
өсімдік қалдықтарының орналасуына кесел келтіреді. Шірінділер аз болады, 
сондықтан бұл топырақтың құнарлығы да аз. 
Таулы жердегі далалар құнарлы сұрғылт топырақты келеді, оның 
ылғалдығы мол (250-650мм), мұнда қысқа күздік арпа, күздік бидай өсіреді. 


Ал суармалы жерлерге қант қызылшасы, мақта, темекі, бау-бақша ағаштары, 
жүзімдер егіледі. 
Сортаң топырақтар шөл дала тектес, оның жоғары температурасы мен
жауын-шашыны мүлде жоқ деуге болады. Бұл топырақтарға жиналады. 
Қызыл топырақ пен сары топырақ темірге, марганецке бай, фосфоры аз, 
бұл топырақтар өзінің пайда болған жерінде көптеген жауын-шашынның
әсерінен қатты шайылады, сондықтан органикалық және минералдық
тыңайтқыштармен тыңайтуды қажет етеді. 
Топырақтың құнарлылығына адамның іс-әрекеті қатты әсер етеді. 
Агротехникалық әдістер арқылы өңдеу, органикалық және минералдық
тыңайтқыштар енгізу, сондай-ақ топырақты дұрыс суару арқылы оның 
сапасы мен құнарлылығы арттырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет