Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет187/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   197
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
ІІ. Жаңа білімге бағыттау 


Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: Жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл, 
ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Төмендегі кестеде сандар мен әріптер жазылған. Тақ 
сандардың астындағы әріптерді ретімен біріктіріп жазыңыз, ал жұп санның 
астындағы әріптерді де дәл солай жазыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбы 
шығады. 

2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 
П қ а а й з д б а а л л ы а
р 
(Пайдалы қазбалар) 
ІІІ. Жаңа сабақ 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: Дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады.
Оқулықпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді, толық, жеке оқып шығу. Мәтінді бөліктерге бөліп, топтарға беру. 
Топта талқылау және баяндау.Топтар бір-біріне туындаған сұрақтарын қоюға 
болады. Топтар бірін-бірі бағалайды). 
Пайдалы қазбалар 
 
Пайдалы қазбалар  органикалық және бейорганикалық заттардан 
пайда болады. Халық шаруашылығында олар табиғи немесе өңделген (темір 
кені) күйінде пайдалануы мүмкін. Олар сұйық, қатты, газ тәріздес болып 
келеді. Пайдалы қазбалардың негізгі үш тобы бар: 
1. Кенді пайдалы қазбалар(темір, мыс, қорғасын, алтын); 
2. Жанғыш пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, газ); 
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (фосфорит, мәрмәр, әктас, тұз). 
Пайдалы қазбалар жердің әр қабатында әр түрлі тереңдіктерде болады. 
Осыған байланысты олардың кендерін шахталар мен кеншілерден немесе 
ашық тәсілмен карьерлерден өндіреді. 
Саз және құм. Табиғатта құм жиі кездеседі. Ол сары, ақ, көкшіл 
басқа түсте де болады. Құм тайызда жатады, сондықтан оны ашық әдіспен 
өндіреді. Сазды да ашық әдіспен өндіреді. Саз қызыл, ақ, көгілдір түсті 
болады. Саздан кірпіш жасайды. Мәскеудегі Кремльдің қызыл алаңы
кірпіштен салынған. Саздан шыны аяқ, табақшалар жасайды. Боксит
сазымен алюминий балқытады. 
Гранит - қызыл , ақ, сұр түсті кездеседі. Ол жер астында тереңірек
және жер бетінде де жатады. Оны өндіру үшін машинамен бұрғылап қуыс 
жасайды да, оған қопарғыш қояды. Тек өте күшті жарылыс болғанда ғана
гранит бөлшектенеді. Граниттен ескерткіштер жасайды, метростанциялар
мен үйлерді қаптайтайды. 
Мәрмер - әктастар мен доломиттердің өзгеруі нәтижесінде түзілген
кристалды тау жынысы. Ақ, сұр, қызыл, қызғылт және басқа да түсті 


болады. Мәрмәрді тас кескіш және бұрғылағыш машиналар арқылы 
карьерден қазып алады. Ол құрылыста пайдаланылады. 
Мұнай - сұрғұлт қоңыр, қоңыр және қара түсті, сұйық, жанғыш зат. 
Ол күкірт, азот және оттегінен пайда болған. Мұнай жердің терең 
қабатында жатады. Бұрғы қондырған машина жерді бұрғылап мұнай
жатқан қабатқа дейін ұңғыма (скважина) қазады. Қазылған ұңғымаларға
құбырлар қойылады. Оны бойлап, мұнай жер бетіне көтеріледі. Мұнайды
қоймаға жинайды, цистернаға құйып, темір жолдармен тасиды. Мұнайдан
алынатын негізгі өнімдер - сұйық отын (бензин, керосин, машина 
майлайтын майлар). Мұнайдан спирт, пластмасса, жуғыш заттар өндіреді. 
Мұнайдан синтетикалық жіп алады, ол жіптен мата тоқылады. Дастархан, 
полиэтилиннен жасалған пленкалар мұнайдан шығады. Мұнай - өте
бағалы пайдалы қазба. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет