Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет183/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   197
 
IV. Дәптермен жұмыс.


Үлгі: 
Тақырыбы: Жер - Күн жүйесінің планетасы
 
1.Анықтама.Жер - күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың бірі. Жер - әлем 
денесі. 
2.Тану.2.1 Күн жүйесіндегі ғаламшарлар 
Меркурий 
Шолпан 
Жер 
Марс 
Юпитер 
Сатурн 
Уран 
Нептун 
2.2 Жер ғаламшарының Күн жүйесін айналуы.Жер Күнді бір жылда 
айналып өтеді. Күншуақ немесе тропиктік жыл 365 тәулік 5 сағат 48 мин. 
46секундқа тең қолайлы болу үшін үш жылды 365 тәулікпен, ал төртінші 
жылды 366 тәулікпен есептейді, бұл жылды толық жыл деп атайды........ 
2.3 Ертедегі жер ғаламшары туралы түсінік.
Жазық жерде тұрып, айналаға қараған адамға Жер беті тегіс сияқты болып 
көрінеді. Оны жан-жағынан шеңбер түріндегі көкжиек сызығы шектеп 
тұрады. Шынында да, ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне аспан
күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Күмбезге Күн, Ай және сансыз
көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген..................... 
3.Ерекшелігі. Тіршілік тек жер ғаламшарында ғана бар
4.Салыстыру. Ай мен Жерді салыстыру. 
1.Ұқсастығы: Екеуі де планета, пішіні ұқсас. 
2.Айырмашылығы: Ай планетасында тіршілік жоқ, себебі
ауа жоқ.Жерде тіршілік бар, себебі ауа бар. 
Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал массасы
Жердікінен 82 есе кіші.
5.Қорытынды. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана 
уақытта Жер төңірегіне екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Ғарыш 
құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды зерттей 
бастады..................... 
VСергіту сәті. 
VI. Жаңа материал бойынша алған білімдерін зерделеу. 
Тапсырмалар орындау.  
Жұмбақты шешіңіздер. 

Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. 
Адамзат, жан-жануар арасында 
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер) 

Біреудің бір ұлы бар және қызы, 


Біледі ол екеуін дүние жүзі. 
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, 
Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай) 
Жұптық жұмыс. Жер , Күн, Ай тақырыптарын сатылай кешенді талдайды. 
(Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері орындалады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет