Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет95/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

ресурстық
 
және 
құндылықтық
дау-дамайды ажыратады. Ресурстық көбi-
несе ұйымдарда, еңбек ұжымында кездессе, ал құндылықтық – 
отбасында, достарда болады.
Дау-дамай себептерiнiң жiктелуi: 
1) ресурстың жеткiлiксiз, шектеулi болуы – олардың сандық 
және сапалық жақтары; 
2) мақсаттар арасындағы айырмашылықтар; 
3) құндылықтарда, мiнез-құлықта, тәрбиедегi айырмашылық-
тар. 
Қанағаттандырылмаған
 
коммуникация
Қақтығысқа қатысушылардың жеке ерекшелiктерi. 
Бұл жiктеулердiң жақсы жағы, ол – дау-дамайдың қайнар 
көзi мен қолданылу саласын ажыратуға мүмкiндiк бередi.
В. Линкольн дау-дамайды талдай отырып, олардың себептi фак-
торларын анықтап, бес типiн көрсеткен: 
1. Ақпараттық факторлар: толық емес, нақты емес фактiлер; 
дезинформация; уақытынан ерте немесе кеш жеткiзiлетiн ақпа-
раттар. 
2. Мiнез-құлықтық факторлар. 


231 
3. Қарым-қатынас факторлары: мәртебе бойынша айырма-
шылық. 
4. Құндылықтық факторлар. 
5. Құрылымдық факторлар: бiздiң тiлегiмiзден тыс объектив-
тi жағдайлар, оларды өзгерту өте қиын, т.б. 
Тұлғааралық дау-дамайларды бiрнеше белгiлер бойынша 
жiктеуге болады: 
1. Қолданылу аясына қарай: iскерлiк (басшы, бағынушы); 
отбасылық;мүлiктiк; тұрмыстық, т.б. деп бөлiнедi. 
2. Функционалдық салдарына және әсерiне байланысты: 
конструктивтi және деструктивтi болып ажыратылады. 
Конструктивтi жағы 

екi жақ арасындағы қарым-қатынас-
тың анықсыздығын ашуға және дау-дамайға қатысушылардың 
жеке қасиеттерi мен мiнез-құлығын жақсартуда қолданылатын 
әдiстi табуда үлкен рөл атқарады. 
Тұлғааралық дау-дамайдың конструктивтi салдары төменде-
гiдей көрiнедi: 

мәселенi шешуге қатысатын адамдар қауымдастығын 
құру; 

ынтымақтастықты кеңейту; 

өзiн-өзi және басқаның жеке қызығушылығын тану. 
Дау-дамайдың деструктивтi жағы – оппоненттердiң бiреуi 
екiншiсiн психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа 
адамдардың көзiнше кемсiтуге, дискредитация жасағанда көрiнедi. 
Әдетте, екiншi жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын бiлдiрiп, бұл 
екi жақтың арасындағы диалог жанжалға айналып, оны шешу 
мүмкiн емес болады. Дау-дамайдың деструктивтi жағы – денсау-
лыққа үлкен зиянын тигiзедi және көбiнесе жұмыс орнында өрбидi. 
Дау-дамайлы деструктивтi шешуде үш негативтi салдары болады. 
Бiрiншiден, адам «даудан мен жеңдiм, ал анау жеңiлдi» деп ойласа 
да, шын мәнiнде екi жақ бiрдей жапа шегедi. Екiншiден, екi жақ-
тың бiреуiнде болсын өкпе қалады, соның iшiнде жеңiлiп қал- 
ған адам өз-өзiн дау-дамайдан ұтымды шыға алмадым деп iш- 
тей кiнәлайды. Осының әсерiнен ол өзiн төмен бағалап, сыйла-
майды.
Шынайылықтың өлшемi немесе шындық 

ілкі өлшемi бойын-
ша М. Дойч дау-дамайдың мына типтерiн ажыратады: 
кездей
-


232 
соқ

латентт
i;
ілкі
және т.б. 
Ілкі
 
дау
-
дамай
– даудың объективтi 
негiздерi болмаса да, дұрыс түсiнбегендiктен, қабылдамаған-
дықтан болады. 
Латентт
i
– болуы керек, бiрақ белгiлi бiр 
себептерден болмаған дау-дамай (себебi, мысалы, адамның дау-
ды сезiнбеуi, т.б.). Осыдан дау-дамайды қалай басқаруға немесе 
оның шешiмiн табуға болады деген орынды сұрақ туады. 
 
Дау
-
дамайдың

пайда
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет