Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет117/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

3. 
Қарсы
 
пікір
 
білдірушіге
«
бұлқынысын
 
шығарып
 
алуға
» 
мүмкіндік
 
бер

ол
 
басылған
 
кезде
 
сөйле

Оның «атылысы» кезін-
де өзіңді жайбарақат, сенімді ұста, бірақ менменшіл болма. Кө-
бісі біздің қарсы пікір білдірушіге ішкі шиеленісін төмендетуге 
қаншалықты көмек көрсететінімізге байланысты. Бұл бағытта ең 
орындысы үнсіздік, жымию, қол алысу, өкініш білдіру және т.б. 
болып табылады. Егер бұл көмектеспесе, онда агрессияның же-
леп өтпейтін аура бар екенін сезінген жөн. Соңғы жағдайда біз 
оқшауланған, қорғанышты ортада боламыз. 
Көптеген зерттеулер барысында қызықты заңдылық анық-
талды: егер эмоциялық жауап қайтару түрінде нығаю алған
болса, кері эмоциялық әсер күшейеді. Нығаю алмай, кері эмо-
циялық әсер өшеді. Кері эмоциялық әсерге жауап қайтармау- 
ға мүмкіндік беретін негізгі амалдар келесілер болуы мүм- 
кін:

жауап қайтаруға асықпа, кідір; 

өзіңе шеттен қара; 

басқа бір затқа назарыңды аудар; 

қарсы пікір білдірушіге шынайы өкініш білдір; 

өз назарыңды басқа объектілерге саналы аударт, есту се-
зімдеріне емес, көру жән сезіммен қабылданатын объектілерге 
зейініңді шоғырландыр. 
4. 
Қарсы
 
пікір
 
білдірушіден
 
наразылығын
 
байсалды
 
негіз
-
деуін
 
талап
 
ет

Бірақ
 
эмоцияны
 
емес

айғақтар
 
мен
 
объективті
 
дәлелдерді
 
ескеретіндігіңді
 
айт

Мұнда негізгі амалдар: 


284 

әртүрлі ашық сұрақтарды пайдалан. Мысалы, былай сұра: 
«Сіздің айтып жатқаныңыз айғақ па, әлде пікірлер, болжамдар 
ма?»; 

айтылып жатқан наразылықтардың санын азайтy. Мыса-
лы: «Сіздің дауларыңыз маған жұмысты жақсартуға мүмкіндік 
береді, сондықтан ең маңыздысын және бірінші дәрежелісін 
ажыратып көрсетіңіз»; 

бұл наразылықтарды қарсы пікір білдіруші қалайтын нақ-
ты соңғы нәтижеге ауыстыр; 

қарсы пікір білдірушіден кеңес сұра, оның наразылығын 
тудырған нәрсені ол қалай шешетіндігін сұра. Бірақ мұнда ақ-
талма, басқаларды айыптама, жағдайларға жүгінбе; 

қатынасты позитивті күйде аяқта, мысалы, қарсы пікір 
білдірушіге оған өз қызметінің сыни көзқарасын көрсеткендігін 
айтып, ризашылық білдір. 
5. 
Мүмкін
 
болған
 
агрессияны
 
күтілмеген
 
амалдармен
 
жой

Мұнда басты міндет кері эмоциялардың деңгейін төмендету, 
идеалында 

қарсы пікір білдірушіні кері эмоциядан позитивтіге 
ауыстыру болып табылады. Мұндай амалдарға келесілерді 
жатқызуға болады: 

қарсы пікір білдірушіден сенімді түрде кеңес сұра; 

мүлдем басқа туралы, бірақ сұхбаттасушы үшін маңызды 
зат туралы күтілмеген сұрақ қой; 

бұрында не байланыстырғанын және жағымды болған-
дығын есіне сал; 

қошемет сөздер айт («Ашуланғанда сіз одан сайын әдемі 
болып кетесіз...»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет