277
кеңінен қолданылды, онда жанжалды шешуге болады және қа-
жет деп бағамдалған. Осылайша, жанжалдарды шешудің мақса-
ты адамдар толық үйлесіммен жұмыс
істейтін жанжалсыз жағ-
дайды туғызу болып табылған.
Алайда, соңғы кезде мамандардың жанжалға деген қатынасы
өзгерді. Неліктен? Біріншіден, жанжалдарды толық шешу бойын-
ша босқа жұмсалған күш ұғынылды;
екіншіден, жанжалдар-
дың позитивтік функцияларын көрсететін зерттеулер саны көбейді.
Осы жерден екпін жанжалды шешуден оларды басқаруға
қарай түсті. Жанжалдарды басқарудың басты мәселесі келесілер
болды: жанжалдарда адамдарға мінез-құлықтың қандай форма-
сы тән, олардың қайсысы өнімді немесе деструктивті, өнімді мі-
нез-құлықты қалай ынталандыруға болады.
Жанжалдарды басқарудың ең табысты үлгісін К. Томас ұсын-
ды. Ол екі өлшемді үлгіні қолданды: вертикалы бойынша
–
өз
мүддесін қорғауда күш
қабілетінің дәрежесі; горизонталы бойын-
ша
–
қауымдасу және қарсы сөйлеушінің мүддесіне көңіл ауда-
руға бейімділік дәрежесі бейнеленді. Осы сипаттамаларға сай,
К. Томас жанжалды басқару мен реттеудің келесі бес негізгі
тәсілдерін ажыратады:
−
жарысу
(
бәсекелестік
)
–
басқасының зиянына қарай өз
мүддесін
қанағаттандыруға тырысу;
−
бейімделу
-
басқа үшін өзінің мүддесін құрбан ету;
−
келісім
(
ымыра
) –
өзара ымыраға келу;
−
қашу
(
жалтару
)
–
ұйымдасуға тырысу мен өз мақсатына
қол жеткізу беталысының болмауы;
−
әріптестік
–
жанжал қатысушыларының
екі тарапты да
толығымен қанағаттандыратын баламаны жасауы.
Төменде ұсынылған «Томас торында» жанжалды басқарудың
бір мағыналы жаман немесе бір мағыналы жақсы тәсілдері жоқ,
көбісі нақты жағдайға, нақты қатысушыларға және нақты мәселеге
байланысты. Алайда тәсілдердің келесідей мүмкіндіктері бар:
−
жанжалдан қашқанда тараптардың ешқайсысы табысқа
жетпейді;
−
жарысқанда, бейімделгенде және келісімге келгенде не бір
тарап жеңіске жетіп, бір тарап жеңіледі, не болмаса жанжалға қа-
тысушы
екі тарап та жеңіледі, өйткені келісімдік шегінуге келеді;
278
−
тек әріптестік жағдайында екеуі де жеңеді, өйткені екі та-
рап та мәселені шешудің жаңа деңгейіне шығуға тырысады.
Сонымен бірге, аталған тәсілдердің кез келгені өмір сүруге
лайықты.
Қандай нақты жағдайларда жанжалдарды басқарудың атал-
ған стиліне өтуге болады?
Жарысу
белсенді әрекеттерді және тығырықтан шығудың
өзіндік, тәуелсіз жолын бағамдайды. Бұл тәсіл мынадай жағ-
дайларда тиімді:
−
егер нәтижесі сіз үшін
өте маңызды болса;
−
сіз жеткілікті абырой мен билікке ие болсаңыз;
−
жылдам, тіпті мезеттік жауап қайтаруды талап ететін сыни
жағдайда болсаңыз;
−
сізде басқа шара болмағанда;
−
сіз бір топ адамдарға тығырықта тұрғаныңызды түсіндіре
алмағанда, біреу оларды өзімен бірге алып жүру керек болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: