Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет76/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Диагност – жоба мен күрделі жағдайдың күшті және әл-
сіз жақтарын жылдам бағалайды. Өзгелердің қателіктеріне шы-
дамды.

Фанатик – өзінің ғылыми жұмысына елігіп кеткен, басқа-
лардан да ғылымға осындай қатынасты талап етеді, сондықтан 
қатал және сыйыспайтын болып есептеледі.

Пионер – бұл перспективалы проблемаларға жылдам қарай-
тын, басқалардың іс-әрекетін ынталандыратын бастамашы. Ол 
жинақы, менмен, эрудициялы, жетекшілікке бейім, отыруды та-
лап ететін мәселелерді ұнатпайды. 


Эрудит – есте керемет сақтауымен, байқағыштығымен ерек-
шеленеді. Өзінің эрудициясын көрсеткісі келмейді. Адал, пе-
дант, бірақ пікір айтуда ынтасыз деп есептеледі.

Техник – өнерпаз. Өзі шеше алмайтын проблемаға жармас-
пайды. Адал және әріптестерінің мінез-құлқындағы көлеңкені 
түсінуге сезімтал.

Тәуелсіз – өзіне ғана сенеді, ұжымдық ғылыми жұмысқа
скептикамен қарайды. 
Басқару практикасында жетекшілік пен көшбасшылықты
бір тұлғаға біріктіру оңтайлы вариант болады деп есептей- 
ді. Егер жетекші көзқарастары іскер көшбасшы көзқарасы-
мен сай келсе, осындай болады. Жетекші рөлінің эмоционал-
дық көшбасшы рөлімен дәл келуі негативтік фактор болуы
мүмкін.

Жиі кездесетін және ең сәтсіз вариант – жетекші мен көш-


басшы рөлдерінің сай келмеуі. 
Ұйым – бұл бейресми топтардың ресми құрылымы. Оны
оңтайлы тұрғызу үшін басшы қызметкерге өздерін көшбасшы 
ретінде көрсеткен адамдарды ұсынған жөн.
Жетекшілік және көшбасшылық – басқару теориясының ең 
дамушы бағыты. Бұл тақырып бойынша орындалған жұмыстар
саны орасан. 
Д. Греннің «ұйымдық көшбасшылықтағы тік диадалық ал-
масу» тұжырымдамасы өте маңызды фактіні анықтады. Жетек-
ші әртүрлі атқарушылармен араласқан кезде әртүрлі бас-
қару стильдерін ұстана алады. Соңғы екі санат: «ин-топтық» 
мүшелер және «аут-топтық» мүшелер. Олар негізгі үш параметр



212
бойынша ерекшеленеді: біліктілік дәрежесі, оларға сенім дәре-


жесі, жауапкершілікке дайындық. «Ин-топтық» мүшелер бұл


сипаттар бойынша «плюс» таңбасымен, ал «аут-топтық» мүше-
лер «минус» таңбасымен сипатталады. Жетекші біріншілер-
ге қатысты партисипативтік және демократиялық стильдер- 
мен әрі бейресми әдістермен, ал екіншілеріне қатысты рес-
ми әдістермен және авторитарлық стильмен жұмыс істеуі ке-
рек.
Жетекші мен қарамағындағылар арасындағы арақашықтық 

айқын болуға тиіс, бірақ тым аз немесе тым үлкен арақашықтық


тиімділігі әлдеқайда төмен (С. Грин және Т. Митчелл). 
Р. Лорд пен Д. Филипс келесіні анықтады: қарамағында-
ғылар басқару әсерлерінің мазмұнын емес, жиілігін бәрінен 
жақсы қабылдайды. Осы байқалу бойынша олар жетекшілік-
тің стилі мен сапасын бағалайды. Басқару әсерлердің басқа 
жақтарының барлығы екінші және одан кейінгі орындарда бо-
лады. Бұл – экспектация (қарамағындағылардың күткені- 
мен сәйкестік) жетекшінің заңнамалық және әлеуметтік норма-
ларды сақтауы. 
Қазіргі кезде Д. Надлер мен Дж. Хакманның «биліктер ба-
лансы» теориясы деп аталатын тұжырымдамасы ең танымал 
болып табылады. Оның негізгі тезисі – билік екі жақты құбы-
лыс болып табылады. Жетекшілік стилі – жетекші мен қара-
мағындағылардың қарама-қарсы ықпалдарының өзара іс-әре-
кет өнімі. Осы екі биліктің балансы (тепе-теңдігі) жетекшінің 
басқару стилін таңдауын анықтайды. Басқарудың авторитар-
лық стилі мен әдістері баланс жетекші билігі жағына қарай 
ауғанда үстем болады, ал баланс қарамағындағылар билігі
жағына ауғанда, жетекші демократиялық стильді қолдануға 
мәжбүр болады [33, 34].
Егер қарамағындағылар билігі максимумға жетсе, жетек- 
ші басқарудың либералдық әдісіне жүгінеді. Ұтымды жетек-
ші биліктердің сапалы балансын ұстанады. Бұл тұжырым- 
дама басқару теориясының үш маңызды санатының – же-
текшіліктің, көшбасшылықтың және басқару іс-әрекеті тиім- 
ділігінің өзара әсерлесуінің заңдылықтарын ашып көрсе-
теді.



213



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет