Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет54/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Үйлестіру операциялары  жүру барысында коллегиялық бас-
қару шешімдері жүзеге асатын «шешімдік пікірталастарды» 
ұйымдастыруға байланысты.

Стратегиялық операциялар. Түбегейлі шешімді іске асыру
үшін жетекші негізгі үш стратегияның – авторитарлық, мажо-
ритарлық немесе консенсустық стратегияның біреуін қолдануға
тиіс.

Постшешімдік операциялар шешімдердің орындалуын
ұйымдастыруға, оны іске асыру үшін мәжбүрлеуге және оның 
орындалуын бақылауға бағытталған. Бұл операциялар жүйесі –
шешім қабылдау процесіне қатысты негізгі үш басқару функ-
цияларын, яғни орындауды, мотивті және бақылауды ұйымдас-
тыруды нақтылау. 


Санкциялау операциялары. Көптеген стратегиялық басқару
шешімдерінің қажетті компоненті – жетекшінің оларды жоғары 
тұрған басшылық алдында негіздеу, оларға санкция алу шебер-
лігі.

Полипроцессуалдық үйлестіру операциялары. Жетекші көп-
теген мәселелер мен функцияларды қатар (параллель) іске асы-
рады. Әрбір шешімнің табыстылығы олардың қаншалықты үй-



159
лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен 


және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта-


лады.

Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға-


рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу-
ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын-
тығы басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру 
жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы-
лады.

Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің 

феноменологиясы 
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде 

байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын-


тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой-
май, олардың жүру барысын да реттейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе- 
номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі
құбылыстар кіреді. Бұл процестер әлеуметтік және ұйымдық 
тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте-
ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа-
ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено-
логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе- 
теді:
1) Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын

нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар;


2) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың 


топтық сипатына байланысты туындайтын құбылыстар;
3) басқару шешімдерінің өзіндік құбылыстары; 
4) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы әлеу-
меттік-психологиялық құбылыстары. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде жеке таңдауға
тән құбылыстар, яғни адамның ақпараттық процестерінің психо-
логиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін таңдау деформация-
сы (танымдық ауытқулар) күшейе түседі. Оларға репрезентатив-
тілік эвристикасы, әлеуметтік перцепция жетімділігі, нақтылы-



160
ғы, қателіктері кіреді. Сондай-ақ алғашқы баламалық өзін бекіту 


құбылысы ретінде белгілі «инерциялық әсер» орын алады [30,


31, 32]. 


Танымдық консерватизм және радикализм әсерлері де бар.
Біріншісі ең шынайы баламаның мәнділігі мен шынайылығын 
төмендетумен, ал екіншісі қарама-қарсы ағыммен сипатталады.
«Кездейсоқ оқиғалардың квазиреттеулік елестері (иллюзия-
сы)» құбылыстары орын алады. Мұндай бағдардың тұрмыстық
эквиваленті – «снаряд бір шұңқырға екі рет түспейді». 
Таңдау процестерінде өздерінің бағытталуы бойынша қара-
ма-қарсы, ықтималдықтарды теңестіру принципі («центрация» 
әсері) және ықтималдық деформация құбылысы сияқты жағ-
дайлар байқалады. 
«Жалған себеп қателігі» орын алады. Оған мәні бойынша,
сырттай ұқсас екі кездейсоқ оқиға өзара түзеушілер ретінде ба-
ғаланатын «елестік коррекция» құбылысы ұқсас.
Субъективтік әсерлердің қажетті әртектілігіне деген бағдар 
тән. Егер адам алдын ала кездейсоқ оқиғалармен кездессе, онда
оның оларға жауабы да кездейсоқ, әртекті болуға тиіс, ал әсер-
лердің кез келген біртектілігі қателік ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар жеке таңдау процестерінде адамның тұлға-
лық ерекшеліктері саласымен байланыстағы әлдеқайда күрделі
және кешенді психологиялық құбылыстары да байқалады.
Олар:
1. «Реактивтік кедергі» әсері (Дж. Брем). Ол кез келген сырт-

қы қысым адамның тыйым салынған іс-әрекетті жүзеге асыруға


(«тыйымда жеміс тәтті») бағытталған күшті кері әсерін туғыза-
тынына негізделген. Керісінше, реактивтік кедергі адамға бел-
гілі бір баламаны таңдау немесе қандай да бір іс-әрекетті жүзеге 
асыру «көбірек ұсынылған» жағдайда туындайды.
2. «Кері ойлау» әсері, ол туралы (Фишхофф құбылысы) «Мен 
осылай болатынын білгенмін» – адамның мұндай әсері жағдай-
дың нақты бағасын бұрмалайды және өткен баламалық тәжіри-
бенің қалыптасуына ықпал етеді. Өз пікірінің қатесіздік елесі
туындайды. Осының арқасында адамның өзін-өзі бағалауы және 
болашаққа деген болжауға сенімділігі артады. Міне, осы жетек-
шіге тән бұл құбылыс болуының психологиялық себебі болады. 


161
3. Жеке шартталғандар қатарына жоғарыда сипатталған






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет