Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет60/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік 

құбылыстар мен процестер 
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқының барлық фор-

малары мен коммуникация процесінде туындайтын белгілі бір


заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген. Олар коммуника-
тивтік құбылыстар ұғымымен белгіленген. Олардың негізгілері:
еліктіру, мәжбүрлей түсіндіру, сендіру, ұқсату, еліктеу; олардың 
әрқайсысының өзіндік ерекше заңдылықтары бар.

Еліктіру – эмоционалдық күйді (көбінесе санадан өтпеген
деңгейдегі) бір адамнан екіншісіне беру процесі. Бұл әсер көбі-
несе үлкен аудиторияларға тән.

Мәжбүрлей түсіндіру адамның психикалық саласына олар-
дың ақпаратты қабылдауының санаға сіңгендігін және іске асы-
рылуын әдейі төмендетуге, оның белсенді түсінуінің, талдауы-
ның және өткен тәжірибемен байланысының болмауына байла-
нысқан әсер ету процесі ретінде анықталады. Мәжбүрлей түсін-
дірілген ақпарат мазмұны түзетуге қиынырақ беріледі, «мәжбүр-
ленген мінез-құлықтық бағдар» түрін қабылдайды. Мәжбүрлей
түсіндіру тиімділігі суггестор («мәжбүрлей түсіндірушінің») бе-
деліне байланысты болады.



174



Сендіру қисынды негіздеу көмегімен ақпарат қабылдаушы 
адамнан ерікті келісім алуға тұрғызылады. Бұл – интеллектуалдық,
ал мәжбүрлей түсіндіру көңіл-күйлік, еріктік әсер ету. 


Ұқсату (еліктеу) – бөтен мінез-құлықты белсенді қайталау.
Еліктеудің бірнеше негізгі типтері бар: қисынды және қисын-
сыз, ішкі және сыртқы, еліктеу-сән және еліктеу-дәстүр, ішкі
және топаралық еліктеу. Бұл – конформистік мінез-құлықтың 
негізгі механизмдерінің бірі.
Осы құбылыстардың барлығының психологиялық механизм-
дері өзіндік ерекше коммуникативтік процестердің және тұл-
ғаның олар шартталатын сапаларының болуымен байланысқан. 
Бұл эмпатия, аттракция, идентификация, рефлекция, т.б. про-
цестері. 
Оларды сипаттаудың алдында олар таралатын жалпы комму-
никативтік контексті сипаттаушы ұғымды анықтау қажет: 
1. Коммуникативтік цикл – бұл бірқатар негізгі коммуника-
тивтік іс-әрекеттің тізбектілігі. Оның құрылымы коммуника-
цияның жалпы құрылымына тұтастай ұқсас, бірақ біраз қосым-
ша компоненттерден тұрады: 
– коммуникативтік түрткі – коммуникативтік актінің баст-
алуына және оның формасын таңдауға ұмтылудың туындауы; 
– әріптесті «шақыру»;
– шақырудан «бас тарту»; 
– «шақыруды» қабылдау;
– ақпарат беру; 
– адресатпен байланысты аяқтау және түйсінудің аяқталуы
мен адресаттың жауаптық сөзінің инициациясын білдіретін өзін-
дік ерекше операциялар;
– адресаттың байланысты үзу мүмкіндігі; 
– адресаттан кері байланысты ақпарат алу және оны интер-
претациялау; 
– бастапқы хабарды түзету және коммуникативтік циклді
аяқтау немесе оны қайталау (егер коммуникацияның бастапқы 
мақсаттары орындалмаса).
2. Коммуникативтік күй – бұл тұлғаның коммуникацияға 
қосылу шамасы мен толықтығын, оның мүмкіндіктерін және он-
дағы белсенділігін сипаттайтын қорытушы ұғым. Бұл әрі тұл-


175
ғаның коммуникацияға үстемесін қамтамасыз ететін басқа ин-


дивидтер жағынан ықпалды-рецептивтік бағдарды қабылдауға


әзірлік.
3. Коммуникативтік біліктілік – бұл басқа адамдармен бай-
ланыс орнату және қолдау қабілеті.
4. Коммуникативтік қабілеттер өзара іс-қимыл тиімділігінің
жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның себебі – алынған бі-
лім мен тәжірибе емес, тұлғалық сапалар және ерекшеліктер.
Бұл қабілеттер құрамына экстраверттік, ашықтық (соның ішінде 
когнитивтік), көңіл-күйлік, сезімталдық, т.б. кіреді.
Интегративтік сапа ретіндегі коммуникативтік қабілетті қам-
тамасыз етуде коммуникативтік қабілеттермен тығыз беттесетін
коммуникативтік процестер басты рөл атқарады, оларды процестер 
ретінде де, тұлғаның сапалары ретінде де қарастыруға болады.
Төмендегілер олардың негізгілері болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет