180
Кез келген күйдің құрылымы екі: мазмұндық және серпінді
компоненттерден тұрады. Іс-әрекеттің орындалу тиімділігіне
күйдің мазмұны да, оның қарқындылығы да үлкен ықпал етеді.
Іс-әрекеттің орындалуын қоштайтын энергетикалық фонды бел-
сенділену деңгейі ұғымымен белгілейді. Ол кең ауқымда өзге-
реді, оны белгілеу үшін психологияда «активация континуумы»
немесе сергектену деңгейлерінің шкаласы ұғымы қолданылады.
Келесі күйлер мынадай деңгейлер ретінде қарастырылады: ес-
түссіздік (кома),
терең ұйқы, жеңіл ұйқы, жай сергектік, бел-
сенді сергектік, қауырт сергектік, стресс.
Жетекші іс-әрекетінің тиімділігі белсенділену деңгейіне бай-
ланысты болады: ол тым жоғары
және тым төмен деңгейлерде
төмендейді. Бұл тәуелділікті алғаш рет американдық ғалымдар
Р. Йеркс пен Д. Додсон байқады. Ол «Йеркс-Додсон заңы» не-
месе «оптимума активации» заңы деп аталады. Сондай-ақ пси-
хикалық күйлердің деструктивтік (негативтік) ықпал дәрежесі
мен олар осы ықпал ететін процестердің күрделілігі арасында да
байланыс бар. Мысалы, торығу немесе күйзеліс әсерімен интел-
лектуалдық функциялар, ал сонан
кейін едәуір аз шамада әл-
деқайда қарапайым моторлық, атқарушылық функциялар төмен-
дейді.
Басқару іс-әрекетінде эмоциогендік факторлардың қуатты
тобы тұлғааралық қатынастармен байланысқан. Бұл іс-әрекеттің
күрделілігі, оны жүзеге асырудың қиын шарттары оның нәти-
желеріне деген жауапкершілікпен сабақтаса келе, басқару іс-
әрекетінің сипаттамаларының тұрақты симптомдық кешенін тү-
зеді. Міне, дәл осындай іс-әрекет еріктік процестердің үнемі
қосылуын талап етеді. Басқару іс-әрекеті психологиясында оны
ұйымдастыру үшін әлдеқайда мәнді
эмоционалдық-еріктік рет-
телудің әлдеқайда типтік аспектілер шеңберін атап көрсете-
ді. Бұл – стресс, фрустрация проблемасы, «шұғыл іс-әрекетке
дайындық» құбылысы, жетекшінің
эмоционалдық резистенция-
сы ұғымы, дисфункционалдық күйдің когнитивтік реттелу ерек-
шеліктері, басқару іс-әрекетіндегі экспрессивтік процестердің
заңдылықтары.
181
Стресс және оны жетекшінің іс-әрекетінде басқару
«Стресс» (
ағылш. stress – қысым, кернеу) ұғымы әртүрлі экстре-
малдық әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде туындайтын
жоғары кернеу күйлерінің кең ауқымын білдіреді. Басқару іс-
әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойын-
ша өзінше ерекше.
Ақпараттық жүктелу факторы. Басқару іс-әрекетінде ақпа-
рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи-
калық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді.
Сондықтан
ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме
күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады.
Ақпараттық айқынсыздық факторы. Жетекші ақпараттың
тым артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге не-
месе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр.
Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.
Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша
байқалатын негізгі және шешуші фактор.
Уақыт
тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік
кикілжіңдер факторы, басқару іс-әрекетінің полифокустылық
факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими-
налдық орта, макроәлеуметтік және макроэкономикалық серпі-
ліс тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқару іс-әрекетінің
стрессорлары болып табылады.
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай
және оның жекелеген
процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш
кезеңі бар:
Достарыңызбен бөлісу: