Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы



бет65/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

3.9 Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы 
Басқару теориясында психологиялық заңдылықтар басқару-

дың негізгі функцияларының бірі – мотивация функциясы-


на байланысты қарастырылады. Оның мазмұны, сондай-ақ же-
текшінің оны қамтамасыз етудегі бүкіл белсенділігін басқару
іс-әрекетінде аса маңызды компонент болып табылады. Оның 
сипаттамасында екі аспект бар: жетекші оны іске асыруда не 

істеу керектігін сипаттау және басқару әсерлерінің неге бағыт-

талуы керектігін сипаттау (атқарушылардың мотивін сипат-
тау).

Мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені мотивтену функция-


сын қамтамасыз етудегі жетекшінің іс-әрекетінде өзіндік мотив-
тері мен мотивтендіру күштері бар. Мотивтендіру бұл жерде же-
текшінің өзіндік белсенділігінің көзі ретінде болады. Сондықтан 
мотивтендіру проблемасында тағы бір қыр бар – бұл басқару іс-
әрекетін ұйымдастырудың мотивтендіру заңдылықтары. 
Жетекшінің мотивтендіру қызметін ашып көрсетуде мотив-
тенулік реттеулердің әлдеқайда жалпы, негізгі психологиялық 
ерекшеліктері кілт болып табылады. Басқару іс-әрекеті – күрделі
және интеллектуалдандырылған, сондықтан ол өзіне мотивтен-
дірудің психологиялық заңдылықтарының бүкіл спектрін әлде-
қайда толығырақ қосып алады. 
Мотивтендірудің кейбір концепциялары Д. МакГрегордың
Х-теориялары мен У-теориялары, В. Оучидің Z-теориясы,
Ф. Херцбергтің қосфакторлық теориясы қарастырылды. Негізі-
нен, олардың барлығы атқарудың мотивтендіруін қарастырады. 
Мұнда қарастырылатын тәсілдер осымен қатар жетекшінің өзі-
нің мотивтену ерекшеліктерін ашып көрсетеді. 


Мотивацияныың мазмұндық теориялары 
Мотивацияныың негізгі теориялары екі топқа – мазмұндық 

және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері адамдардың


мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекеті негізінде жататын ішкі ұм-
тылыстарын қарастырады. Процессуалдық теориялар мотивтер-
дің қабылдау, тану, коммуникация сияқты процестермен өзара 


187
әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық 


ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тә-


сілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі –
А. Маслоу және Д. МакКлелландтың теориялары жатқызы-
лады.

А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы.


Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді: 
А) физиологиялық қажеттіліктер;
Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер; 
Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер;
В) құрметке қажеттіліктер; 
Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер.
Қажеттіліктердің осы топтары бір мезгілде қатаң иерар-
хиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі
болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері 
тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағат-
тандырылған кезде ғана туындайды. 
Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық
қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу 
қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал екінші-
лері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі,
А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін
жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы 
мүмкін емес».
А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметте-
рі негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көр-
сетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай 
мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі.
Басқару мотивтері жоғары деңгейлердің, ал атқару мотив-
тері төменгілердің мотивтері болып табылады. «Өзін-өзі таны-
тушы тұлға» – бұл дамудың өзі жеткен деңгейінің шегінен асу
қажеттілігі бар тұлға. Ол келесідей мінездерді сипаттайды: нақ-
тылыққа бағдарлану, төзімділік, кездейсоқтық, іскерлік бағыт-
талу, теріс мүдделерді шектеу, тәуелсіздік, оптимизм, рухани-
лық, ішкі әлемі бай, демократиялық принциптер, әзіл, кретив-
тілік, қуаттылық, нонкорформизм. Тұлғаның карьералық бағыт-
талуында нақ осы өзін-өзі танытуды мотивтендіру басты ынта-



188
ландырғыш болып табылады. Ол жетістікті мотивтендірумен 


тығыз байланысты, бұл ұғым Д. МакКлелланд тұжырымда-


масымен енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет