189
Қажеттіліктің қарастырылған екі (билікке және табысқа)
типі тұлғаның басқару іс-әрекеті бейімділігіне және оның тиім-
ділігіне ықпал етеді. Қажеттіліктердің үшінші санаты – қатысу-
лықпен қатар, олар жетекші мінез-құлқының маңызды мотив-
тену факторларын ашып көрсетеді. Осы тұжырымдама негізінде
туындаған «жетістікті мотивтендіру» ұғымы бүгінгі күні басқа-
ру іс-әрекетінің басты және ең өзіндік ерекше мотивтері болып
есептелінеді. Осы ұғым арқылы психологияның карьераның ке-
зеңдерін, типтері мен қозғаушы күштерін қарастыратын арнайы
саласы –
карьералық психология заңдылықтары сипатталады.
«Жетістікті мотивтендіру» ұғымы
кең ауқымда тұлғаның басқа
мотивтермен өзара әсерлесетін, олардың күшін анықтайтын
және осы тұлға үшін оларды қанағаттандыру деңгейіне сай ке-
летін метамотивтерінің бірі ретінде айтылады.
Мотивацияның процессуалдық теориялары
Бұл теориялардың барлығы мазмұндық концепцияларда ашып
көрсетілген қажеттіліктердің болу мәнділігін таниды, бірақ олар
адам мінез-құлқы тек
қана олармен анықталмайтынын, ал жағ-
дайды қабылдауға, таңдалатын мінез типінің нәтижелерін бол-
жауға тәуелді екендігін көрсетеді.
В. Врумның «күту» теориясы.
Күту ұғымы мұнда тұлғаның
белгілі бір оқиғаның ықтималдығын
бағалауы ретінде анықта-
лады. Күту жетекшінің мотивтену мінезінің негізінде жатыр.
Бұл теорияда негізгі зейін басты үш өзара байланысқа ауда-
рылады:
1. Еңбек шығыны мен нәтижелердің (Ш – Н) өзара байла-
нысуы қатынасындағы күту. Егер адам олардың арасында тура
байланыс барын сезсе, мотивтену өседі және керісінше.
2. Нәтижелер мен марапаттаудың (Н – М) өзара байланысуы
қатынасындағы күту. Егер олардың
арасында тура байланыс
байқалса, онда мотивация артады.
3. Күтілетін мадақтау немесе марапаттаудың субъективтік
Достарыңызбен бөлісу: