195
Ресми және бейресми ұйымдар. Жетекшілік және
көшбасшылық
Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және
бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым – институционалды
белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар
қауымдастығы. Бейресми ұйым адамдардың кездейсоқ белсен-
ділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қаты-
насқа енеді. Барлық топтар мен ұйымдарды екі топқа бөлуге
болады: ресми және бейресми.
Бейресми топтардың пайда болу себептері:
– әлеуметтік қолдаудың қажеттілігінен, яғни оны қанағат-
тандыру әлеуметтік және тұлғалық жайлылық сезіміне алып
келеді, ал қанағаттанбаушылық күшті негативтік эмоциялар
шақырады;
– көмектің қажеттілігінен;
– қорғаудың қажетттілігінен;
– қатынастың қажеттілігінен, ол жоғарылатылған ақпаратта-
нуға алып келеді, соның арқасында адамның бейімделу мүм-
кіндіктері кеңейеді және оның сыртқы әлеммен байланыстар
тиімділігі артады.
Ресми топта – ресми көшбасшы – ол жетекші, ал бейресми
топта ресми емес көшбасшы басқарады.
Ресми де, бейресми топтар да қалай да ұйымдасқан болуға
тиіс. Сондай ұйымдасудың ең қарапайым тәсілі – топ мүшелері
арасынан оны үйлестіру жөніндегі функция жүктелетін адамды
атап көрсету. Ресми топ үшін ресми көшбасшының – жетек-
шінің болуы, ал бейресми топ үшін – бейресми көшбасшының
болуы тән. Ресми және бейресми көшбасшылықтың ұқсастығы
мен айырмашылығын айқындау басқару іс-әрекетінің мәнін
түсіну үшін қажет.
Ресми топтар бейресмиге және керісінше тасымалдана алады –
бұл бөліну абсолюттік болып табылмайды. Топтар туындау
механизмі бойынша айырмалана отырып, құрылымның, «жетекші»
және «жетектегі» мүшелердің болуы, жалпы әлеуметтік-психоло-
гиялық құбылыстар сияқты маңызды жалпы сипаттарға ие болады.
Осы және басқа да ұйымдар шағын топтарға дифференцияланады.
196
Ресми ұйым өзінің ішінде бейресми топтардың мүлде бол-
мауын емес, керісінше, олардың болу мүмкіндігін білдіретіні
өте маңызды. Сонымен ұйым құрылымында олардың құры-
лымдануының ресми және бейресми тәсілдері тығыз өзара
байланыста болады. Ұйымның ішінде мұндай өзара іс-әрекет
басқарудың басты проблемаларының бірі болып табылады.
Дәл осы жерде негізгіні атап көрсетеміз: топты ұйымдасты-
рудың екі типінің болуы – оларды басқарудың екі түрлі тәсіл-
дерінің және көшбасшылықтың екі типінің себебі. Олар күр-
делі қарым-қатынасқа түседі, сабақтасады, ажырамайды, өзара
іс-әрекетте болады.
«Көшбасшы» ұғымы топтағы «вертикаль бойынша» психо-
логиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде
ресми көшбасшылықты белгілеу үшін «жетекшілік» ұғымы, ал
бейресмилікті белгілеу үшін қарапайым «көшбасшы» ұғымы
қолданылады. Ағылшынша
leadershіp термині нақты «көшбас-
шы» дегенді білдіреді, бірақ көшбасшылықты да, жетекшілікті
де белгілеу үшін синонимдік қолдануды білдіреді.
«Organіzatіo-
Достарыңызбен бөлісу: