Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет110/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Қашу (жалтару) мына жағдайларда тиімді: 

−  қарастырылып жатқан мәселе сіз үшін аса маңызды болмаса; 

−  сіз өзіңіздің дұрыс жасамай жатқаныңызды және басқаның 

дұрыстығын сезінсеңіз, әрі ол үлкен билікке ие болса; 

−  егер сіз күрделі сөйлесушімен тілдессеңіз; 

−  сіз  шешім  қабылдауға  тырысып,  бірақ  не  шешім  қабыл-

дауды білмесеңіз; 

−  сізде мәселе туралы ақпарат толық болмаса; 

−  шиеленушілік жоғары және оны тастау қажет болса; 

−  сізге уақытты ұту қажет болған жағдайда. 



Бейімделу мынадай жағдайларда тиімді: 

−  сіз аз ғана беріліп, аз жоғалтатыныңызды сезінсеңіз; 

−  жағдайды жеңілдету қажет болғанда; 

−  егер  сіз  нәтижесі  сізге  қарағанда,  басқа  біреу  үшін  аса 

маңызды екенін түсінсеңіз; 

−  туралық сіз жақта болмағанда. 



Келісімге келу, яғни сіз үшін жарым-жартылай өзіңіздің, жа-

рым-жартылай  басқасының  қалауын  қанағаттандыру  жағдай-

ларында тиімді: 

−  жанжалдың  қатысушыларында  бірдей  билік  болса  және 

олар бірін бірі жоққа шығаруға мүдделі болса; 



279 

 

−  жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе; 



−  басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда; 

−  келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік 

берсе. 

Әріптестік,  келісімге  келуге  қарағанда,  тереңірек  деңгейде 

қол  жеткізіледі  және  де  ұзақ  уақытты  әрі  жанжалды  шешуде 

белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда 

өте тиімді: 

−  мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса; 

−  сіздердің өзара  арақатынастарыңыз  тығыз, әрі  ұзақ уақыт 

жалғасқан болса; 

−  сізде мәселені қарастыруға уақыт болса; 

−  екі  тарап  та  бірдей  билікке  ие  болса  немесе  шынайы  

билікті  иеленуде  айырмашылықтарды  жоққа  шығаруды  қа- 

ласа. 

Жанжалды  шешудің  мүмкін  болған  жолдары.  Кез  келген 

жанжалда оны шешудің үш жолы бар: 

−  ең оңай, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә-

селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту; 

−  ең  қиыны,  сондықтан  да  тәжірибелік  мүмкін  емес:  қарсы 

пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта 

әсер ету; 

−  ең оңтайлы және шынайы: мәселені шешудің өзара тиімді 

нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу. 

Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар-

ға жауап іздеуден тұрады: 

Жанжалды шешу үшін мен не істер едім? 

Бұл үшін серіктесім не істер еді? 

Жанжалдан шығу қажет болған жалпы мақсаттар қандай? 

Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет: 

−  сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру; 

−  серіктестің  ерекшеліктеріне  сабырлылық  таныту,  өзінің 

шынайы жанашырлық сезімін көрсету; 

−  салмақты  болу,  өзінің  әрекеттерін,  сөзін,  мимикасын  бақы-

лау; 

−  адамды  осы  жағдайға  не  алып  келгенін  –  айқын  немесе 



жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу; 


280 

 

−  сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік 



беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау 

немесе  қорытынды  жасау  жақсы  нәтиже  береді  –  сол  арқылы 

адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді; 

−  әлеуметтік және  физикалық  қашықтықты оңтайлы деңгейге 

дейін қысқарту; 

−  серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса 

да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-

кін  –  басқа  жерге  отыру,  қоңырау  шалу,  жазып  алуды  сұрау- 

дан  бастап  қандай  да  бір  миға  қонымсыз  ойды,  әзілді  айтуға 

дейін; 


−  сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-

ңіздің жалпылығын атап көрсету; 

−  сұхбаттасқа  оның  сөздері  тудырған  сіздегі  жағдай,  сезім 

туралы  дайын  емес  бағалауларды  және  пікірлерді  айту;  бұл 

сұхбаттастың  сізге  қысқа  жауап  қайырмай,  ашық,  мақсатты,  өз 

ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді; 

−  сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не 

көзделіп  отырғанын  ашып  алу  қажет;  сіз  барлығын  дұрыс  тү-

сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек. 

Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен, 

барлық  жанжалдар  ұқсас  негізге  ие:  істің  шынайы  жағдайы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет