Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет113/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

4.  Қарсы  пікір  білдірушіден  наразылығын  байсалды  негіз-

деуін талап ет. Бірақ эмоцияны емес, айғақтар мен объективті 

дәлелдерді ескеретіндігіңді айт. Мұнда негізгі амалдар: 


284 

 

−  әртүрлі ашық сұрақтарды пайдалан. Мысалы, былай сұра: 



«Сіздің  айтып  жатқаныңыз  айғақ  па,  әлде  пікірлер,  болжамдар 

ма?»; 


−  айтылып  жатқан  наразылықтардың  санын  азайтy.  Мыса-

лы:  «Сіздің  дауларыңыз  маған  жұмысты  жақсартуға  мүмкіндік 

береді,  сондықтан  ең  маңыздысын  және  бірінші  дәрежелісін 

ажыратып көрсетіңіз»; 

−  бұл наразылықтарды қарсы пікір білдіруші қалайтын нақ-

ты соңғы нәтижеге ауыстыр

−  қарсы  пікір  білдірушіден  кеңес  сұра,  оның  наразылығын 

тудырған  нәрсені  ол  қалай  шешетіндігін  сұра.  Бірақ  мұнда  ақ-

талма, басқаларды айыптама, жағдайларға жүгінбе; 

−  қатынасты  позитивті  күйде  аяқта,  мысалы,  қарсы  пікір 

білдірушіге оған өз қызметінің сыни көзқарасын көрсеткендігін 

айтып, ризашылық білдір. 



5.  Мүмкін  болған  агрессияны  күтілмеген  амалдармен  жой. 

Мұнда  басты  міндет  кері  эмоциялардың  деңгейін  төмендету, 

идеалында – қарсы пікір білдірушіні кері эмоциядан позитивтіге 

ауыстыру  болып  табылады.  Мұндай  амалдарға  келесілерді 

жатқызуға болады: 

−  қарсы пікір білдірушіден сенімді түрде кеңес сұра

−  мүлдем басқа туралы, бірақ  сұхбаттасушы үшін маңызды 

зат туралы күтілмеген сұрақ қой

−  бұрында  не  байланыстырғанын  және  жағымды  болған-

дығын есіне сал

−  қошемет  сөздер  айт  («Ашуланғанда  сіз  одан  сайын  әдемі 

болып кетесіз...»). 



6.  Қарсы  пікір  білдірушіге  мәселені  шешуде  өз  нұсқаларын 

айтуды ұсын: 

−  кінәлілерді іздеме және болған жағдай туралы түсіндірме, 

бірлесіп одан шығатын жол ізде

−  бірінші  қолайлы  нұсқада  тоқтап  қалма,  нұсқалардың 

спектрін жаса, кейін олардан ең жақсысын таңда

−  шешімнің  өзара  келісімді  нұсқасын  іздеген  жөн,  тікелей 

араласу нүктелерін ізде; 

−  егер келісе алмасаңдар, онда келісімнің объективті негізін ізде 

(нормативтер, заңдар, айғақтар, жағдай, нұсқаулықтар және т.б.). 



285 

 

7.  Қарсы  пікір  білдірушінің  жеке  басына  емес,  оның  тек 



әрекеттері  мен  қылықтарына  баға  бер,  мәселеден  жеке  бас- 

қа  аттап  кетпе.  Оның  абыройына  нұсқан  келтірме.  Ол  тіпті 

қысым көрсетуде саған орын берсе де, мұны кешірмейді. Былай 

айтуға болады: «Сіз екі рет өз уәдеңізді орындамадыңыз», бірақ 

қарсы  білдірушіге:  «Сіз  –  уәдесінде  тұрмайтын  адамсыз»  деп 

ешқашан айтуға болмайды. 

8.  Оның  пікірлері  мен  дағуаларының  мәнін  сұрақтардың 

көмегімен  жаңғырық  түрінде  көрсет:  мақұлдаулар  –  кедергі-

лер,  ал  сұрақтар  –  жауап  туғызады.  Мұндай  сұрақтардың  мы-

салы мынадай болуы мүмкін: «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?...», 

«...сіз  осыны  айтқыңыз  келді  ме?»,  «Егер  мен  сізді  дұрыс  

түсінген  болсам,  ...?».  Бұл  амал  түсініспеушілікті  болдырмай- 

ды  және  адамға  көңіл  аудару  мен  құрметтеуді  көрсетеді. 

Өйткені  түсіну  –  қарсы  пікір  білдірушімен  келісу  деген  сөз  

емес. 


9. Егер өзіңнің кінәлі екеніңді сезінсең, кешірім сұраудан қо-

рықпа, бірақ мұны сұхбаттың соңында емес, жылдам, шешімді 

түрде орында. Құлықтың осындай жолымен жүруі, біріншіден, 

қарсы пікір білдірушіні қарусыз қалдырады және мүмкін болған 

сынның  алдын  алады  және  екіншіден,  оған  құрмет  туғызады, 

өйткені кешірім сұрауға тек сенімді, әрі кемел адамдар ғана қа-

білетті.  Кешірім  сұрау  мәселені  шешуде  ең  арзан,  әрі  бағалы 

үлес болуы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет