281
4. Іс-шара туралы келісіп алыңыз. Егер жанжал мойындалса,
онда ол жылдам шешілмейтіні айқын, сондықтан нәтижесіз пі-
кірталастарды жалғастырудың орнына, оны жеңу үшін қайда
және қашан бірлесіп жұмыс жасайтындарыңызды келісіп алы-
ңыз... Талқылауда кімнің қатысатындығы туралы алдын ала
келісіп алған жөн.
«Үй мен қабырғалары көмектесетін» болғандықтан, бейта-
рап жақта немесе тараптардың әрқайсысының жағында кезекпен
жиналған жақсы.
5. Жанжалдың мәселесін тұжырымдаңыз. Мұнда басты
міндет реттеуге келетін екі жақты мәселелер терминінде жан-
жалды анықтап алудан тұрады. Осы сатыда «біздің» мәселеге
қарағандай қарау керек – бұл серіктестік рухын бірден көрсе-
теді. Екі тарап та жағдай туралы өз пікірін айтуы қажет. Олар
шиеленісті неден көріп тұр, бұл оларда қандай сезім туғызады
және оның ерекшеліктері – әрқайсысы жанжалдық жағдайға өз
үлесін бағалайды.
Әрбір тарап көрмей және мойындамай тұрған жақтарды
да айқындап алуы да маңызды. Оның шешімін күрделенді-
руге қабілетті жасырын мүдделерден және жеке шамдану-
шылықтан жырақ болуға барынша тырыңыз. Осы мақсатта
тараптардың нақты әрекетіне, қажеттіліктеріне және даулы
нәрселерге назарыңызды аударыңыз, тұлғаның жеке басына
өтіп кетпеуге тырысыңыз. Адамдардың ниеттерін талқылау
немесе мінез-құлқында жеке мақсатын анықтаудың қажеті ша-
малы.
6. Шешімнің мүмкін болған нұсқаларын зерттеңіз.
7. Келісімге қол жеткізіңіз. Мұнда айтылған ұсыныстарды
талқылау және баға беру, содан кейін ең оңтайлысын таңдау
қажет. Ол екі тараптың да талаптарын ескеруі, яғни келісімді
болуы қажеттілігі сөзсіз. Кейде келіспеушіліктерді реттеу үшін
бір кездесудің және келіссөз жүргізудің өзі жеткілікті. Басқа
жағдайларда, мәселе аса маңызды әрі күрделі болғанда, келіссөз
жүргізудің бірнеше кезеңі қажет болуы мүмкін.
8. Шешімнің соңғы мерзімін белгілеңіз. Егер қатаң бір белгі-
ленген мерзім қоймаса, жанжал бойынша келіссөздер бүкіл
уақытты жұтып, өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Шегі қойыл-
282
ған жағдайда, тараптар соған қарай іс жасайды. Тек бұл мерзім-
дер барлық тараппен де келісілуі және қабылдануы аса маңызды.
9. Жоспарыңызды іске асырыңыз. Келісім жасағаннан кейін
жанжалды реттеу шараларына кіріскен жөн. Кейінге қалдыру
тараптардың бір-біріне күдік, әрі күмән туғызуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: