Ақпараттық жүктелу факторы. Басқару іс-әрекетінде ақпа-
рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи-
калық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді. Сондықтан
ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме
күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады.
Ақпараттық айқынсыздық факторы. Жетекші ақпараттың
тым артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге не-
месе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр.
Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.
Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша
байқалатын негізгі және шешуші фактор.
Уақыт тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік
кикілжіңдер факторы, басқару іс-әрекетінің полифокустылық
факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими-
налдық орта, макроәлеуметтік және макроэкономикалық серпі-
ліс тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқару іс-әрекетінің
стрессорлары болып табылады.
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай және оның жекелеген
процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш
кезеңі бар:
1. Жұмылдыру кезеңі. Стресс дамуының бастапқы кезең-
дерінде жалпы эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді.
Сондықтан психикалық процестерге және іс-әрекеттің жалпы
ұйымдастырылуына стеникалық әсер көрсетеді. Бұл кезеңді «өнімді
стресс» немесе «эвстресс» (эвристикалық стресс) ұғымымен белгі-
лейді. Оны психика мен ағзаның сыртқы жағдайының күрде-
ленуіне әсері ретінде қарастырады.
2. Ренжу кезеңі. Стрестік әсерлердің (адамның психикалық
және физиологиялық ұйымдасуына объективті түрде тән шек-
телулерге байланысты) қарқындылығына қарсыласудың әлдебір
182
шегі бар. Бар мүмкіндікті жұмылдыру осы шекке жеткенге дейін
жүреді. Содан кейін психика «беріле» бастайды. Когнитивтік са-
лада өзгерістер бірінші кезекте жүреді. Жедел ақпаратты қабылдау
көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді.
Ойлау үшін де әлдебір өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі арта-
ды, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
Өткен тәжірибеден нормативтік тәсілді іздеу типі бойынша
іс-әрекетті ұйымдастыруға тырысу ол үшін тұтастай алғанда си-
патты бола бастайды.
3. Деструкция кезеңі үшін максималды дистрестілік іс-әре-
кетті ұйымдастырудың толық жойылуы және оны қамтамасыз
ететін психикалық процестердің бұзылуы тән. Қабылдаудың,
сақтаудың, ойлаудың құрсаулану құбылысы туындауы мүмкін.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негіз-
гі екі форманың біреуін, яғни гиперқозу (импульсивтік әсерлер,
бей-берекет мінез) типі бойынша деструкцияны немесе гиперте-
желу (іс-әрекеттің және мінездік белсенділіктің құрсаулануы,
мелшию) типі бойынша деструкцияны қабылдайды. Бұл кезең –
іс-әрекеттің толық бұзылуы.
Үш кезеңнің барлығы жалпы сипатқа ие. Осымен қатар стрес-
тік әсерлерге жауап қатудың жеке айырмашылықтары барынша
айқын көрінеді. Олар серпілісте және көрсетілген кезеңдердің са-
лыстырмалы ұзындығында беріледі. «Тұлғаның стреске тұрақ-
тылығы» ұғымы адамның стрестік әсерлерге «қарсы тұру ша-
масын» белгілеу үшін қолданылады. Бұл қабілеттілік индивидте
жұмылдыру кезеңі қаншалықты күшіне берілгеніне байланысты.
Адам созылмалы стрестік жағдайлардың уақытша қысымына,
оның стреске тұрақтылығының жеке шегін сипаттайтын резис-
тенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзаққа сақтай алатыны
бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі.
Бұл жетекші стреске бейімделеді, екіншілері тіпті қысқа стрестік
әсерлері кезінде жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдай-
ларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіз
стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді.
Жетекші іс-әрекетінде ұзақ мерзімді стреске төзімділік тұл-
ғаның интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді бо-
лады.
183
Стреске тұрақтылықтың екінші қажетті шарты тұлғаның
жалпы мотивтік бағытталуы, оның үстем бағдарлануы (тұлға-
лық-карьерлік – стреске тұрақтылықты төмендетеді, ал әлеу-
меттік-кәсібилікті арттырады). Стресс жағдайындағы мінез-құ-
лықтың екі формасы болады: қорқынышты бақылау және қауіп-
Достарыңызбен бөлісу: |