3.9 Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы
Басқару теориясында психологиялық заңдылықтар басқару-
дың негізгі функцияларының бірі – мотивация функциясы-
на байланысты қарастырылады. Оның мазмұны, сондай-ақ же-
текшінің оны қамтамасыз етудегі бүкіл белсенділігін басқару
іс-әрекетінде аса маңызды компонент болып табылады. Оның
сипаттамасында екі аспект бар: жетекші оны іске асыруда не
істеу керектігін сипаттау және басқару әсерлерінің неге бағыт-
талуы керектігін сипаттау (атқарушылардың мотивін сипат-
тау).
Мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені мотивтену функция-
сын қамтамасыз етудегі жетекшінің іс-әрекетінде өзіндік мотив-
тері мен мотивтендіру күштері бар. Мотивтендіру бұл жерде же-
текшінің өзіндік белсенділігінің көзі ретінде болады. Сондықтан
мотивтендіру проблемасында тағы бір қыр бар – бұл басқару іс-
әрекетін ұйымдастырудың мотивтендіру заңдылықтары.
Жетекшінің мотивтендіру қызметін ашып көрсетуде мотив-
тенулік реттеулердің әлдеқайда жалпы, негізгі психологиялық
ерекшеліктері кілт болып табылады. Басқару іс-әрекеті – күрделі
және интеллектуалдандырылған, сондықтан ол өзіне мотивтен-
дірудің психологиялық заңдылықтарының бүкіл спектрін әлде-
қайда толығырақ қосып алады.
Мотивтендірудің кейбір концепциялары Д. МакГрегордың
Х-теориялары мен У-теориялары, В. Оучидің Z-теориясы,
Ф. Херцбергтің қосфакторлық теориясы қарастырылды. Негізі-
нен, олардың барлығы атқарудың мотивтендіруін қарастырады.
Мұнда қарастырылатын тәсілдер осымен қатар жетекшінің өзі-
нің мотивтену ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Мотивацияныың мазмұндық теориялары
Мотивацияныың негізгі теориялары екі топқа – мазмұндық
және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері адамдардың
мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекеті негізінде жататын ішкі ұм-
тылыстарын қарастырады. Процессуалдық теориялар мотивтер-
дің қабылдау, тану, коммуникация сияқты процестермен өзара
187
әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық
ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тә-
сілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі –
А. Маслоу және Д. МакКлелландтың теориялары жатқызы-
лады.
А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы.
Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді:
А) физиологиялық қажеттіліктер;
Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер;
Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер;
В) құрметке қажеттіліктер;
Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер.
Қажеттіліктердің осы топтары бір мезгілде қатаң иерар-
хиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі
болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері
тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағат-
тандырылған кезде ғана туындайды.
Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық
қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу
қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал екінші-
лері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі,
А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін
жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы
мүмкін емес».
А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметте-
рі негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көр-
сетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай
мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі.
Басқару мотивтері жоғары деңгейлердің, ал атқару мотив-
тері төменгілердің мотивтері болып табылады. «Өзін-өзі таны-
Достарыңызбен бөлісу: |