Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет73/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

тушы тұлға» – бұл дамудың өзі жеткен деңгейінің шегінен асу 

қажеттілігі бар тұлға. Ол келесідей мінездерді сипаттайды: нақ-

тылыққа  бағдарлану,  төзімділік,  кездейсоқтық,  іскерлік  бағыт-

талу,  теріс  мүдделерді  шектеу,  тәуелсіздік,  оптимизм,  рухани-

лық,  ішкі  әлемі  бай,  демократиялық  принциптер,  әзіл,  кретив-

тілік, қуаттылық, нонкорформизм. Тұлғаның карьералық бағыт-

талуында  нақ  осы  өзін-өзі  танытуды  мотивтендіру  басты  ынта-



188 

 

ландырғыш болып табылады. Ол жетістікті мотивтендірумен 



тығыз  байланысты,  бұл  ұғым  Д.  МакКлелланд  тұжырымда-

масымен енгізілген.  



Д.  МакКлелландтың  мотивация  тұжырымдамасы.  Негізгі 

зейіні жоғары – өзіндік тұлғалық қажеттіліктерге («екінші») ауда-

рылады.  Автор  нақ  солар  адамдық  мінез-құлықтың  өзіндік  ерек-

шелігіне,  оның  күрделілігі  мен  қарама-қайшылығына  шешу- 

ші  ықпал  көрсетеді  деп  есептейді.  Бұл  теория  мазмұндық  топқа 

жатады  –  онда  қажеттіліктердің  негізгі  үш  тобы:  биліктегі,  та-



быстағы,  қатысудағы  (партисипативтілік  қажеттілігі)  қарасты-

рылады. 


Билікке  қажеттілік  адам  белсенділігінің  мотивтік  жүйесіне 

мұндай  түрде  бірінші  рет  енгізіледі.  Оны  құрмет  өзін  көрсету- 

ге  қажеттіліктердің  туындысы  және  синтетикалық  ретінде 

қарастырады.  Мұндай  қажеттілігі  бар  адамдар  доминантты- 

лықтың  тұлғалық  сапасымен  сипатталады.  Олар  белсенді, 

қуатты конфронтациядан қорықпайды, өз көзқарастарын қорғай 

алады.  

Табысқа  қажеттілік  (жетістік  мотивациясы)  –  тұлғаның  ба-

залық екінші қажеттілігі. Табысқа қажеттілік барлығы үшін жал-

пы болып табылады, оның даму шамасында ғана айырмашылық-

та болады. Д. МакКлелланд қоғамның және бүкіл елдің тұтастай 

дамуының деңгейі оның азаматтарында  осы қажеттіліктің даму 

деңгейіне байланысты деп есептейді. 

Дж.  Аткинсон  кейінірек  табысқа  қажеттіліктің  сәтсіздікті 

болдырмау, сондай-ақ базалық қажеттілікпен  сабақтастықта қа-

растырылуға  тиіс  екендігін  көрсетті.  Мотивациясы  күшті  адам-

дар табысқа ұмтылады, ал мотивациясы әлсіз адамдар сәтсіздік-

тен  қашады.  Бұл  жағдай  соңынан  Дж.  Аткинсон  мен  Д.  МакКлел-

ландтың субъективті басымырақ тәуекел теориясының негізіне 

кіреді.  Мотивациясы  жоғары,  жетістікке  қол  жеткізген  жетек-

шілер тәуекелдің орташа деңгейін жөн көреді. Орташа тәуекел 

жағдайында  іс-әрекет  табыстылығы  жеке  үлеске  едәуір  тәуелді 

болады,  бірақ  әлдебір  тәуекелділікті  білдіреді.  Егер  тәуекелдік 

элементін алып тастаса, онда «ұтыс» ықтималдығы күрт төмен-

дейді. Жетістіктің төмен мотивациялануы, әдетте, жетекшіліктің 

босаңдық стилімен байланысады. 




189 

 

Қажеттіліктің  қарастырылған  екі  (билікке  және  табысқа) 



типі тұлғаның басқару іс-әрекеті бейімділігіне және оның тиім-

ділігіне ықпал етеді. Қажеттіліктердің үшінші санаты – қатысу-

лықпен  қатар,  олар  жетекші  мінез-құлқының  маңызды  мотив-

тену факторларын ашып көрсетеді. Осы тұжырымдама негізінде 

туындаған «жетістікті мотивтендіру» ұғымы бүгінгі күні басқа-

ру іс-әрекетінің басты және ең өзіндік ерекше мотивтері болып 

есептелінеді. Осы ұғым арқылы психологияның карьераның ке-

зеңдерін, типтері мен қозғаушы күштерін қарастыратын арнайы 

саласы  –  карьералық  психология  заңдылықтары  сипатталады. 

«Жетістікті  мотивтендіру»  ұғымы  кең  ауқымда  тұлғаның  басқа 

мотивтермен  өзара  әсерлесетін,  олардың  күшін  анықтайтын 

және  осы  тұлға  үшін  оларды  қанағаттандыру  деңгейіне  сай  ке-

летін метамотивтерінің бірі ретінде айтылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет