344
олармен бірлесе отырып шешім қабылдамауы, өзіне-өзі
сенімділігі төмен және міндеттерді бөлуде айқынсыз,
қол астындағылардың кемшіліктерін сынауы барысында
импульсивті (ойлауы әлсіз),
Талап қоюы және жауапкершілігі төмен, өзінің міндет-
терін орынбасарларына аударуға тырысады.
8-13
Орташа: адамдарды басқаруда әлсіздік таныту, сенім-
ділік және талап қоя алмаушылық, дербес шешім қабыл-
дау барысында қорқыныш сезімі басым, шексіз жұм-
сақтық, тәртіп бұзушыларға келісімге итермелеу.
14-20
Жоғары: ұжымның қызығушылықтарына бей-жай қа-
райды, қиын шешімдермен өзіне жауапкершілік арт-
қысы келмейді, басқарудан бас тарту және талап қоя ал-
маушылық, ерік жігері әлсіз және өзіндік ұстанымы
жоқ, өз пікірін қорғай алмайды, іс-әрекетінде мақсатсыз
және нақты жоспарлары жоқ, қол астындағылар ал-
дында беделі төмен, әріптестерімен ешқандай дистан-
ция сақтай алмайды, басындырады, міндеттерін орын-
дата алмайды.
Демократиялық
0-7
Төмен: қол астындағыларына жақын болуы мен тал-
пынуы, олармен бірлескен әрекеттесуі және жауаптарын
тыңдауы төмен, көмекшілерінің кеңестеріне мән бергісі
келмейді, ұжым іс-әрекетін орынбасарлары және бел-
сенді мүшелері арқылы бағыттайды, өзінің кейбір
ұйымдастырушылық қасиеттеріне сенімсіз.
8-13
Орташа: ұжым қызығушылықтарымен тұрақты өмір сү-
руге талпыну, персоналдарға қамқорлық көрсету, орын-
басарларына сенім білдіру және олардың бастамашы-
лығын мадақтау, сенім мен қысымды пайдалану, персо-
налдың пікірлеріне құлақ асу.
14-20
Жоғары: ұжым іс-әрекетін бағыттау және үйлестіру бі-
ліктілігі, өте қабілетті қол астындағыларға дербестік
беру, ынтасын және жұмыстағы жаңа әдістерін дамыту,
моральдық жағынан қолдау көрсету және сендіру, пікір-
таласта әділетті және мәдениетті болу, ұжымда әлеу-
меттік-психологиялық процестерді және тұлғаның жеке
қасиеттерін біліп-тану, сын және ашықтылықты дамыту,
дау-дамайларды алдын-ала болжау және мейірімділік
хал-ахуалды құру.
Рабочая книга практического психолога: пособие для специалистов, рабо-
тающих с персоналом / Под ред. А.А. Бодалева, А.А.Деркача, Л.Г. Лаптева.
– М.: Изд-во Института Психотерапии, 2003. – 640 с. илл. С. 336-340.