Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет58/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   184
тұтынушылықтың  болуы.  Дербес  шешім  жетекшісінің  іс-әре-

кетті  жүзеге  асырудағы  өз  рөлін  субъективтік  бағалауын  арт-

тырады,  сондықтан  ол  іс-әрекетті  ұйымдастырудың  тәуекелі 

төмен және нормативтік-нұсқаулық басқа құралдары пайдалану 

мүмкіндігі кезінде соған басымдық бере алады. 

2. Қол астындағылар алдында өзінің біліктілік шамасын арт-

тыруға ұмтылысы. 

3. Жетекші шешімін қол астындағыларға жүктейтін жағдай-

лардың  туындауын  жасай  алады.  Ол  мұндай  жағдайларды 

соларды тиімді жеңу мүмкіндіктерін азайту үшін көбінесе әдейі 

күрделендіреді.  Мұнда  да  жетекшінің  топтағы  өз  мәртебесін 

арттыруға ұмтылысы байқалады. 

4. «Қауырт іс-әрекеттің ерекше құбылысының» жеке сәттері-

нің  бірі  ретіндегі  «белсенділік  елесін»  туғызу.  Мұндай  квази-

белсенділік,  әдетте,  іс-әрекет  пен  басқарудың  нақты  мақсатта-

рына жетуге кедергі келтіреді. 

Бұл фактілердің барлығы теріс (негативті) болып табылады, 

өйткені  тұтастай  алғанда,  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мен  оның 

міндеттерінің  қисынын  көрсетпейді.  Іс-әрекеттегі  шешім  қа-

былдау процестерінің рөлін күшейтудің оң (позитивті) себептері 

де  бар.  Жетекші  орташа  норматив  «шегінен  шығып  кеткен» 

кезде  инновациялық  реттегі  шешімдер  қажеттігі  пайда  болады. 

Бұл  –  іс-әрекеттің  орташаланған  нормативтік  тәсілін  жетіл-

діретін  және  дамытатын  нормативүстілік  шешімдер.  Олар 




157 

 

басқарудың  инновациялық  стиліне,  жетекшілік  функцияларын 



іске  асыруына  стандарт  емес  тәсілге  тән.  «Басқалар  үшін»  мә-

селе  қою  басқару  іс-әрекетінің  негізі  болып  табылғандықтан, 

жетекшінің  аса  маңызды  міндеті  –  тек  проблема  шешу  ғана 

емес, оны тұжырымдай білу. 

Бұл  құбылыстардың  барлығын  максимизацияланған  мі- 

нез-құлық  ұғымымен  белгілейді.  Олар  басқару  функцияларына 

шешім қабылдаудың қосымша жағдайларын қосуға алып келеді. 

 

Басқару шешімдерін қабылдау процесінің 

операциялық құрылымы 

 

Басқару  іс-әрекетінде  оның  нақты  түріне,  мазмұнына  және 



иерархиялық  деңгейіне  қарамастан,  іс-әрекеттік  құралдардың 

тұрақты  жинағы  –  шешімдерді  дайындауға,  қабылдау  мен  іске 

асыруға арналған операциялар қатысады. Осы  операциялардың 

негізгілерін қарастырайық. 

Белгісіздік жағдайларын тану операциялары. Олар жетекші-

ге  қажет  проблеманы  көре  білу  шеберлігі  сияқты  сапа  мәнін 

құрайды. Олардың дифференциациясы – оның кәсіби біліктілігі-

нің аса маңызды бөлігі. 



Селекция,  таңдау  операциялары  жетекшінің  тікелей  қаты-

суын талап  ететін  және  талап  етпейтін жағдайларды бөлу  үшін 

негіз болып табылады. 

Ұйымдастырушылық операциялар жетекшінің шешім қабыл-

дау  процесін  ұйымдастырудың  қандай  да  бір  жалпы  формала-

рын таңдауында тұр. 

Шешімдердің  «субъективтілік  базисін»  қалыптастыру 

жөніндегіоперациялар  шешімдерге  тартуға  және  ұйымдастыру-

дың  белгілі  бір  бөлімшелерін  қосып  беруге  тиімді  адамдар 

құрамы мен санын анықтауға арналған. 

Таңдау  жағдайларын  объективтендіруоперациялары  жетек-

шінің  мәселені  оған  қатысушылар  дұрыс  түсінетіндей  етіп  тұ-

жырымдауға,  қоя  білуге  тиіс  өзіне  тән  басымдығы  болып  та-

былады.  Шешімдердің  іске  асуы  тұжырымдалатын  мәселенің 

оны  шешуге  тартылатын  топ  ерекшелігіне  сәйкес  бейімделуі 

кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. 



158 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет