АТАҒОЗЫ Айтқұлұлы (шамамен 1704 - 1794) - би. Атырау. Маңғыстау өңірінде ғұмыр кешкен.
Мұрат Мөңкеұлы, Нұрым, Аралбай, т.б. ақындар А-ны өз толғауларында ерекше құрметпен
атайды. Х.Досмұхамедұлы "Аламан" жинағында (1926. Ташк.) А-ны қазақтың атақты билері
санатында атайды. А-ның "Бір билік" әңгімесі "Шайыр" жинағында(1910 - 1912. Орынб.)
жарияланған. Зираты Бейнеудегі Бекет Ата мешітінің сож-нде 2 км жерде. АТАЙ (т.ө.ж.б.) -
ақын. 15 ғ-да өмір сүрген. Ежелгі Сайрамда дүниеге келген. Өз заманында оқыған, терең
білімді адам ретінде аты мәшһүр болған. А. орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің қалаларында
оның ішінде. Самарқанда да біраз тұрып, қызмет атқарған. Бізге ақынның "Диуан" деп аталатын
өлеңдер жинағы жеткен. Бұл жинақтың түпнүсқасы Санкт-Петербургтегі Ресей ҒА-ның
Шығыстану ин-тында сақтаулы. Ақынның махаббат, табиғат, сұлулықты мадақтайтын ғазалдары
өзбек тіліне аударылып, бірнеше рет жарық көрді. А. шығармалары, қазақ әдебиетіне тіл жағынан
да түр жағынан да жақын. Қазақ ауыз әдебиетінде ерте қалыптасқан "айтыс", "жар-жар" сияқты
өлең түрлерін өз шығармаларында жиі қолданған.